"Вечерний Бишкек" Ырғыз басылымы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктердің туындау себебіне болжам жасады.
Мақала авторы өзінің болжамына бірнеше дәйек келтірді.
Автор өз мақаласында Масанчи ауылындағы оқиға – бұл Қазақстанның оңтүстігіндегі есірткі трафигін бақылаушы "Серік голованың" тобы ұйымдастырған этносаралық қақтығыспен бүркеленген криминалдық жанжал деп жазады. Айта кету керек, қылмыскер Масанчидегі атышулы оқиғадан бірнеше күн бұрын Құқыққорғау органдарымен ұсталған.
Ол келесі дәйектерді алға тартады:
"Біріншіден, жергілікті халықта суық қарудың болуы – бұл ол жерде криминалдардың да қатысы бар екендігін айтады. Әйтпегенде, қарапайым халықта соншама қару қайдан болсын.
Екіншіден, жергілікті шенеуніктер мен аудан және облыс басшылары, бірқатар полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды..."
Тәртіпсіздік 7 ақпанда орын алған болатын. Нәтижесінде 10 адам қаза тапты. Сондай-ақ 150-ден астам адам зардап шекті, оның үшеуі - полиция қызметкерлері. Оқиға кезінде Масанчи тұрғындарының мүлкіне елеулі залал келтірілген, ондаған тұрғын үйлер, қоғамдық мекеме мен автомобильдер өртенген. ҚР ІІМ хабарлағанындай, Масанчи ауылындағы қанды қақтығыстың себебі 5 ақпанда болған жол оқиғасы болды.