Бірлік пен ынтымақ баршамызды биікке жетелейді

Ақпанның 7-күні Жамбыл облысы, Қордай ауданында орын алған тұрғындардың арасындағы жаппай төбелес соңы, елдік мәселеге айналып, халықты бір дүрліктірді. Құзырлы орган қызметкерлерінің күшімен ауылдағы төбелес тоқтатылып, жағдайды Мемлекет басшысы өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.  

297d35f9-d4b9-4468-a872-79615796892e.jpg

Қордайдағы қақтығыс 10 адамның өмірін қиды, 40 – тан астам адамның жарақат алып, бірнеше тұрғын үй мен сауда нысандарының өртенуіне алып келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды, жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі. Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сондықтан біз кейбір азаматтарға, соның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз. Бұл еліміздегі барша азаматтарға ортақ тілек деп санаймын. Азаматтарды жалған қауесеттерге бой алдырмауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырамын. Мемлекеттік органдар туындаған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», -  деді Президент.

Ел ішіндегі алыпқашпа әңгімелердің көбеюі мемлекетіміздің мәңгілік Стратегиясы бірлік бен ынтымаққа нұқсан келтіріп,  қоғам тұрақтылығына зиянын тигізуі мүмкін. 

Осы тұста, барша азаматтардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді, қауасеттер мен түрлі жалған ақпараттарды таратпауды,  объективті болуға шақырамыз. Өйткені, өтірік-расы беймәлім түрлі ақпараттар мен бейнежазбаларды тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады. 

Ата-бабалар аманатына адалдық – перзенттік парыз. Әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Абай данышпандардың ілімдері, данагөй үш бидің үлгілері, өркениеттегі қазақы көркемниет көк туымызды желбіретіп, Тәуелсіздікті мәңгілік ете бергей.

Бірлігі бекем елдің бағындырар белесі биікте болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елбасы туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі (видео)
  • Майк Тайсон - Рой Джонс жекпе-жегінің видеосы жарияланды
  • Украиналық журналиске тікелей эфирде шабуыл жасалды
  • Шымкентте шағын инвазивті ота жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде
  • Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер