«Ең бастысы - халық денсаулығы»

f1ce4b3f-e78d-433b-b8bb-986ec91577b4.jpgМұрат Төлтебаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты: 

Елімізде жарияланған төтенше жағдай осы қиындықтан шығудың ең төте жолы деп түсінемін. Мемлекет басшысы күні кеше арнайы жиында мәлімдеме жасап, көптің көкейіндегі мәселелердің нүктесін қойды. Карантинге жабылған қалалардан жер-жерлерге ағылған халықтың арасында уақытша жұмысынан айырылған адамдарға жаңа жұмыс орындарын тауып, мемлекет қолдау көрсететіндігін жеткізді. Сонымен қатар, қарапайым халықтың берешектеріне уақытша тоқтам жасатып, халықтың әл-ауқатының нашарламауының алдын алды. Ең алдымен халықтың саулығын қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шараларына мұқият болу керектігін айтты. Президенттің бұл бастамалары осы қиын-қыстау кезеңде елді әбігерге түсірмеудің ең тиімді жолы деп түсіндік. Сондықтан, барлық шараларды сақтап, дүрбелең тудырмай, аса сақтықпен бұл қиындықты жеңуге атсалысуымыз керек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестиции в АПК: проекты, инфраструктура и региональное развитие
  • СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»
  • QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт
  • Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер