Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді.

e3eaa100-fa49-4e4d-b546-4b08d240ddf8.jpg

Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар:

Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, - деді диқандар.

Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол жеткізген шымкенттіктер сауапты іске ұйытқы болған азаматтарға айрықша алғыстарын айтты.

Рамазан айында халыққа көмек беріп жатқан диқандар мен қала әкімдігіне рақмет! Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын, деген азаматтар өздеріне тиесілі бақша өнімдерін алып, тарқасты.

Айта кетейік, қаладағы «Ақ мешіт», «Абдул Хамид Каттани», «Байғұт баба» сынды мешіттердің маңында қайырымдылық жасап бақша өнімдерін таратқан кәсіпкерлер игі істі   «Достық» шағынауданы мен «Қайнарбұлақ» саяжайында жалғастырды.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа барып жүр
  • КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕАМБУЛАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
  • НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер