Мақтааралда 100 мың теңге өтемақы беріле бастады

Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін «Халық» банк карталары таратыла бастады, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан облыстық филиалы.

200517174331399a3650842i.jpg

Осы мақсатта қазіргі таңда Мырзакенттегі «Гүлсара» тойханасы мен «Нұрбөбек» балабақшасында және А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде сондай-ақ, Атакент кентіндегі және тағы да басқа эвакуациялық пункттерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті. Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін 1000 АҚШ долларлық өтемақы да осы карталарға аударылатын болады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті. 

Басқарма басшысының айтуынша, үкімет резервінен берілетін 100 мың теңге өтемақы су тасқынынын зардап шеккен 5 елді мекенде яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылында тұратын 846 отбасындағы 6128 тұрғынға берілетін болады. Ал, Ә. Усмановтың қорынан 1000 АҚШ долларын су басқан Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылдарынан бөлек, эвакуацияланған Мырзакент, Ақжол, Т. Жайлыбаев, Жантақсай, Арайлы, Нұрлытаң, Нұрлыжол, Шұғыла елді мекендерінің 5202 отбасына үлестірілмек. Айта кетейік, Мақтаарал ауданындағы банк картасын тарату орындарында коронавирус індетіне байланысты қабылданған сақтық шараларының барлық талаптары қатаң түрде сақталу көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады — Ұлттық экономика министрі
  • Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
  • Алакөл жағалауындағы кемшіліктер анықталып, нақты тапсырмалар берілді
  • Алматы қаласы өңірлер арасында сыртқы сауда көлемі бойынша абсолют көшбасшы атанды
  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер