Мақтааралда еріктілер топан судан зардап шеккендерге 50 тоннаға жуық әлеуметтік көмек жеткізді

Мақтаарал ауданындағы еріктілер топан судан зардап шеккендерге 50 тоннаға жуық әлеуметтік көмек жеткізді.

200516153748975e.jpg

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен және жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде құрылған «Біргеміз, Мақтаарал!» штабының мүшелері. Сондай-ақ, барлық эвакуациялық орталықтар мен түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған еріктілер штабына Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы директоры Амалбек Өміртай жетекшілік етеді. Штабтың құрамына Мақтарал аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сүндет Кенжебаев пен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман, Ахмет пен Ықылас және Олжас Мамыр, Азат Дидарбек, Айгерім Айтаханова сияқты т.б. белсенділер тартылған. 500-ге жуық волонтерлер қызмет ететін штабтың өкілдері төтенше жағдайдың бастапқы күндерінен бастап тоғандар мен дамбалар жасауға жұмылдырылған. 

Ал, 100-ге жуық ерікті қоймадағы жұмыстарға атсалысып, бірқатары азық-түліктерді үлестіру-тасымалдау шараларын атқаруда. Бүгінгі күнге дейін эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып, короновирус індетінің таралуын алдын алу бойынша сақтық шаралары жолға қойылған. Волонтерлердың көмегімен 20 мыңнан астам бетперде мен антисептикалық құралдар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Су тасқыны болған он күн ішінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабы 1100-ден астам тұрғынға, 150 отбасыға қажетті киім-кешек пен құрал-сайман, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар жеткізіп берген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер