Сайлаушы партияластарым сенім білдіріп, мен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайлансам, төмендегі бағдарламаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды атқарамын:
- «Nur Otan»партиясының саясатын толық қолдай және насихаттай отырып, қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайларының, әл-ауқатының артуына бағытталған шараларға белсене қатысып, осы мәселеде Еңбекші ауданының тұрғындарына қатысты нақты ұсыныстар бере отырып, оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етемін;
- Қала тұрғындары арасындағы келісім мен берік, ынтымақтастық, достық, барлық ұлттардың құқығының теңдігі, өзара түсіністігі мен татулығының нығаюы жолындағы жұмыстарға белсене араласамын;
- Шымкент қаласының дамуына бағытталған шараларға (инфрақұрылымдар, тұрғын үй құрылысы, абаттандыру, санитарлық-тазалық, т.б.) республикалық, қалалық бюджеттен қажетті қаржылардың толық және уақтылы бөлінуі үшін мүмкіндіктерімді жұмсаймын;
- Шымкент қаласының «Қайырымды қала» және «Ақылды қалаға» айналуына күш-жігерімді арнаймын;
- Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік және тегін медициналық көмекті алуларына қолғабыс тигіземін;
- Шымкент қаласының әлеуметтік салаларының заманауи деңгейде дамуына, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен ғылым жетістіктерінің кеңінен қолданНАылуына, денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру,толық цифрлық қызмет көрсетуге ауысуына, медициналық ақпараттандыру жұмыстарын халыққа ыңғайлы нұсқада енгізуге жұмыс жүргізілуіне атсалысамын;
- Медицина саласында халыққа сапалы қызмет көрсету үшін, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, тегін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен кең көлемде қамтамасыз ету үшін қаржыландыруға ықпал етемін;
- Елімізде төтенше жағдайлардың, атап айтқанда пандемияның алдын алу мақсатында, халық арасында сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын медицина ғылымдарының докторы, профессоры ретінде үнемі өткізуді ұйымдастырамын;
- Қала тұрғындарының рухани даму деңгейінің негізгі көрсеткіштері болып табылатын білім, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелерін тұрақты түрде назарда ұстайтын боламын;
- Шағын және орта бизнестің дамуына, яғни жас кәсіпкерлердің сапалы білім алып, өз істерін дамытуларына барынша қолдау көрсетемін;
- Жұмыспен қамту жол картасы аясында инновациялық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына,мегаполис тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашылуына қолдау білдіремін;
- Қала халқының құқықтары мен мүдделерін қорғауды бірінші кезекке қойып, бұл мәселені барлық тиісті органдар арасында жүйелі түрде көтеріп отырамын. Сондай-ақ, қала аумағында құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрестің нәтижелі жүргізілуіне атсалысамын;
- Қала халқынантүскен арыз-шағымдар, ұсыныс-пікірлер мен талаптардың әділ және заңнамалық негізінде, уақтылы шешу жолдарын қарастырамын, жергілікті атқарушы биліктіңтыңдаушы органға айналуынадәнекер боламын;
Бағдарламада қамтылған шараларды толық атқаруға барлық күш жігерімді, өмірлік тәжірибем мен қабілетімді, білімім мен басқада мүмкіндіктерімді жұмсауға және абырой биігінен көрінуге УӘДЕ БЕРЕМІН.