Бағбандар берекесі. Апорттың алғашқы өнімі жинала бастады

Облыс әкімі Ө.Шөкеев аудан әкімдерімен өткізген селекторлық жиында облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағыттардың бірі – үйіргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы мол өнім алу. Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түлкібас ауданында тамшылап суғару әдісінің жемісін көріп отырған тұрғындар қатары арта түсуде. Сондай-ақ ауданда жұмыспен қамту, бау-бақша шаруашылығын дамыту, егістік алқаптарды ағын сумен қамту бағытында көптеген жұмыс атқарылуда. Нақты істерге ауданда болған сапарымызда көз жеткіздік. 

image.png

Үйіргелік жеріне тамшылатып суғару әдісін енгізгендердің бірі Жыланды елді мекенінің тұрғыны Гулбахира Айтбаева " Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында "Тамшылатып суғару әдісі" және "Мал шаруашылығын дамыту" бағытында 555600 теңгеге қайтарымсыз грант иеленген. Қаржының 200 мың теңгесіне тамшылатып суғару құрылғысын, ал қалған қаржыға сауынды сиыр сатып алған. Құрылғыны 10 сотық жеріне орналастырған көпбалалы ана қырыққабат, қызанақ, картоп, қияр, болгар бұрышын егіп өнімді қысқа азық етпек. Ал сауын сиырдың сүтін аудандық "Майлыкент-Сүт" ЖШС-на өткізіп, пайда тауып отыр. Қайтарымсыз несиенің шарапатын көріп отырған азаматтардың тағы бірі, механика маманы Икрам Аброржан. 505 мың теңгенесие алған ол «Launch pro» диагностикасы аппаратымен жұмыс істеуде. «Негізгі мамандығым автоэлектрик. Күнделікті оншақты адам келіп көліктерін жөндетеді. Бүгінде, екі шәкірт тәрбиелеп жатырмын. Олар осы жерден үйреніп жүр. Қазіргі таңда, орташа айлық табысым 200 мың теңгені  құрайды», – дейді Икрам Аброржан. Жалпы, биыл ауданда Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 127 азамат 555600 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Оның ішінде 79 азамат алған қаржыны мал шаруашылығы, 38 азамат үй іргелік жерден өнім алу бағытында тамшылатып суару әдісін енгізу мақсатында, ал 10 азамат тігін цехы, шаштараз, тәтті тағамдар дайындау, массажэ салондары мен көлік жөндеу цехын ашуға жұмсаған. Сондай-ақ, ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы» 2020-2021 жылға арналған бағдарлама шеңберінде үш білім мекемесі күрделі жөндеуден өткен. 

Диқандар тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылып жатқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмаларының тағы бірі – егістік алқаптан 2-3 рет өнім алу инновациялық технологиясын әрбір ауылдық округке енгізу. Осы тапсырма аясында аудан аумағында 155 шаруа қожалықтары көктем мезгілінде 266 гектар жерге бірінші өнімі ретінде көкөніс, бұршақ дақылдары мен картоп егіп 610 тонна өнім алған. Бүгінде, бірнеше қожалықтар егістікке еккен екінші өнімдерін жинауда. Мысалы, Жаскешу ауылында орналасқан «Ерсары» шаруа қожалығы ерте көктемде 5 гектар жерінің 2 гектарына бірінші өнім ретінде саарымсақ, 3 гектарына картоп егіп, маусым айының орта түсында жиып алған. Содан кейін жерді қайта өңдеп 2 гектарына қияр, 3 гектарына ақ желкен егіп, бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Бірінші егін сарымсақтан 20 тонна, картоптан 75 тонна өнім алып, сарымсақтың келісін 550 теңгеден, картоптың келісін 110 теңгеден өткізген. Ал екінші егілген қиярды егіс алқабынан 100-110 теңгеден, ақ желкеннің бір бумасын 100 теңгеден өткізуде. «Ерсары» шаруа қожалығының басшысы Сабыржан Төлепбергенов қиярдан 30 тоннаға дейін жинау жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Түлкібас ауданы биыл алма өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек

Тамылжыған табиғаты, мөлдір суы, тынық ауасымен ерекшеленетін ауданның тағы бір айрықша тұсы – дәмді алмасында. Қазіргі таңда ауданда 2,5 мың гектар алма бауы бар.  Ауданның 2020-2025 жылдарға арналған даму концепциясына сәйкес Түлкібастың брендіне айналған алманың өнімділігін арттыру көзделіп отыр. Осыған байланысты алма бау көлемін тағы 760 гектарға ұлғайтып, 3355 гектарға жеткізу жоспарланған. Жиналған өнімді ұзақ уақыт сақтауға бар мүмкіндік жасалған, сыйымдылығы 900 тонна 6  қойма бар. «Қоймада сақталып, сұрыпталатын алмалар еліміздің барлық өңіріне, әсіресе, солтүстік облыстарға, Ресей мемлекетіне жөнелтіледі. Алма өсірумен айналысатын шаруашылықтар қатары да артқан. Соңғы жылдары апорт өсіруге көп көңіл бөлініп келеді. Түпкі мақсатымыз кезінде аты шыққан Түлкібастың алмасы, оның ішінде апортты қайтадан ауданның брендіне айналдыру. Сол бағытта жұмыстар атқарылып жатыр», дейді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Абылай Төлепбергенов. Алма өсіруге ден қойған шаруашылықтық бірі  «Кентау» ЖШС 2013 жылдан бері қарқынды алма бауын өсірумен айналысып келеді.     Шаруашылықта алманың «Гала», «Фуджи», «Голден делишес», «Стар Кримсон», «Легалина» және «Айдарет» сынды 20 түрі өсіріледі. Алма бау көлемі 231 гектар болатын шаруашылықтың 188 гектары қарқынды бау. Тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылған. Ал маусым кезінде 100-120 адам жұмыс істейді. Тұрақты жұмыс істейтін бағбандарға бау маңынан барлық жағдай жасалған жатақхана қарастырылған. «Қазіргі таңда, жаздық алма «Галаны» жинап болдық. Әрі қарай, күздік-қыстық алмаларды жинау процесін жүргізіп жатырмыз. Қойманың сыйымдылығы 2050 тонна. «Maf roda» Француз компаниясының сорттау- сұрыптау технологиясымен жұмыс істеудеміз. Негізгі алма өнімдерін әзірге Қазақстан өңірлеріне сатып жатырмыз. Келешекте шетелдерге шығаруға ниеттіміз», – дейді Кентау ЖШС өндірістік директоры Құрманбеков Бақыт. Биыл ауданда апорттан алғашқы өнім жинала бастады. Иә, 2015-2016 жылдары ауданда 41 шаруа қожалық алманың апорт сортын қайта жаңғыртып, өсіруді қолға алған болатын.  Жалпы аудандағы апортты баудың аумағы – 1210 гектар.

Ауданда көптен бері қордаланған ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. 2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмақ.  «Жалпы, Түлкібас ауданына қарасты 520 шақырымды құрайтын 111 су нысаны бар. Жоспар бойынша соның ішіндегі 13 каналды темір- бетонмен қаптау жұмыстары қолға алынған. 13 каналдың ішінен жылдың соңына дейін 8  каналға құрылыс жасап, аяқтауды жоспарлап отырмыз. Егер осы жоба толық көлемінде атқарылса 4 мың гектар жер қайта айналымға қосылады. Қазіргі таңда Балықты ауылдық округіне қарасты «Боз» каналына жұмыстары жүргізіліп жатыр. Каналдың жалпы ұзындығы 9 мың 800 метр. Оған 309 млн қаржы бөлінді. Күрделі және ағымдағ,ы жөндеу жұмыстары тамыз айының орта тұсында басталды. Жыл соңына дейін толық  аяқталу жоспарланып отыр», – дейді «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы Түлкібас өндірістік бөлімшесінің аға инженері Қуандық Өмірәлиев. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 69,1 шақырымды құрайтын «Құлый», «Танта», «Қызыл», «Боз», «Ұзын», «Бесқасқа», «Бала Құлан» сынды магистралды каналдары 5064 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ағынды сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. 

Арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында журналистерге тау етегінде орналасқан «Таң Нұры» саумалмен емдеу орталығының тыныс-тіршілігі де таныстырылды. Бүгінгі таңда 84 адамды қабылдауға қауқарлы орталық сыйымдылығын тағы 80 адамға арттыру мақсатында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қазір жартылай, яғни 50 пайызға жетіп отыр. Сауықтыру орталығы тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-дом жасайды. Келіп демалушылар да ризашылығын жеткізуде. «Келгенімізге 5 күн болды. Барлығы жақсы. Ем-дом алып жатырмыз. Магнит, парафин, су процедураларын қабылдаудамыз. Ем қабылдағаннан кейін біраз жақсарып қалдық. Тіпті, бұл жердің ауасы да ерекше әсер беріп жатыр», - дейді емделуші Камилов Мамыржан. Ал, мекеме басшысының айтуынша, алдағы уақытта демалыс орнын 170 адамға лайықтау жоспарланып отыр. «Бұл жердің ауасы тыныс алу органдарына өте жақсы. Қазір таралып жатқан қауіпті індеттен сақтасын деп саумал алдыртып жатырмыз. Барып ішіп жатқандар да бар. Қазіргі таңда 48 адам демалуда. Сайрам, Қызылорда, Созақтан, тіпті Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан да келіп жатыр. Қазіргі таңда, мұнда 32 адам жұмыс істейді – дейді Нұржігіт Қалмырзаев Таң Нұры шипажайының бас директоры. «Таң нұры» шипажайы Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» қорығының етегінде орналасқан. Орталық аумағындағы бұлақ суының адам ағзасына берер пайдасы мол.  Үш мың метр тереңдіктен шығып жатқан су – өкпе тыныс жолдары, ас қорыту жүйесі, қант диабеті мен қан қысымы ауруларынан 90% емдеуге қабілеті бар көрінеді. 

Аудандағы ауқымды істер мен өзекті мәселелерді шешу жолындағы баянды бастамаларды, жағымды жаңалықтарды аудан тұрғындарына жеткізіп, халық пен билік арасын жақындатып отырған «Шамшырақ» Түлкібас аудандық қоғамдық-саяси газетінің қоғам өмірінде алар орны ерекше. Аудан әкімі Н. Байғұттың бастамасымен, демеушілер есебінен салынған заманауи ғимаратта түрлі кеңсе заттары, кітапшалар, күнтізбеліктер мен стенділер шығарылмақ. «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің баспаханасы жаңа ғимаратпен, жаңа баспаханамен толықты. Баспахана аудан әкімдігінің, Мархабат Байғұттың тікелей ықпалымен, демеушілер есебінен соғылып, замануи аппараттармен қамтамасыз етілді. Біз газет-журналдан басқа кеңсе заттарын, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерді қамтамасыз етіп отырмыз», – дейді «Шамшырақ» газетінің бас редакторы Марат Қалтаев.

Айта кетелік, биыл түлкібастық шаруалар 54 365 тонна бидай мен арпа жинаған, яғни әр гектарынан 22 центнерден өнім алған, ал бағбандар екі жарым мың гектар қарқынды баудан 30 мың тонна алма жинауды жоспарлап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек. 

Нұрила ЖҰМАДІЛЛӘ

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер