Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге қатысты тың мәліметтер жарияланды

Күдікті қазіргі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында небәрі екі жыл оқыған. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Аяжан Едилова.jpg

Бұрынғы студенттерінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған. Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент, тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Фармация факультетінің деканы Қанат Дәуренбеков: «Оқудан шығарылған себебі, сабаққа дұрыс қатыспаған. Пәндер бойынша сабақтарға жіберілмеген, емтихандық сессияға және өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға келген.  Ал енді мінезіне келетін болсақ, өте салмақты. Мынау өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен немесе оқытушылармен жанжалдасқан кезі болған емес»,– дейді.

28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы «Алтын белгімен» бітірген.

Күдікті Рахманберді Төребековтің ата-анасы мұғалім болған. Жаушықұм ауылы әкімінің айтуынша, ерлі-зайыптылар қазір зейнетте. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударыпты. Олардың үш перзенті бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер