Шымкенттегі ел игілігіне қайтарылған нысан тарихи кескінін сақтап қалады

Шымкент қаласының тарихында «Фосфоршылар» сарайының орны ерек нысан. 50 жылға жуық тарихы бар сарайда кезінде қалалықтар концерт көріп, тынығып, рухани азық алатын бірден-бір мекеме саналған. 

Screenshot_15.jpg

Кескін-келбетімен ерекшеленген ғимарат  90 жылдарда жекенің иелігіне өтіп, қала тұрғындары содан бері сарайды ел игілігіне қайтаруды сұрап келді. Осы уақыт аралығында мәдени нысанның әбден тозығы жетіп, тіпті қаңғыбастар мекеніне айналды десек болады. Өткен жылы Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанды мемлекеттің меншігіне қайтарды. Енді фосфоршылар сарайы  көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіріліп,  аумағы абаттандырылады. Алдағы келбеті қандай болады?

2023 жылдың қараша айында ғимарат коммуналдық меншікке өтіп, 2024 жылдың сәуір айында "KazBuildExpert" ЖШС-інің сарапшы мамандары сарайға сараптама жүргізіп, нәтижесін ұсынды. Мамандардың қорытындысы бойынша ғимаратты толық сақтап қалуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан ескі ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданған. Бірақ, сәулетші-жобалаушылар «Фосфоршылар» сарайының тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи мәдениет сарайының толық дизайн-жобасын әзірледі. Жаңа ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігі бірінші кезекте назарға алынған.

Жаңа ғимараттың құрылысымен "Сәби" қайырымдылық қоры айналысады. Жобаға сәкес, мәдени сарайдың қасбеттерінің жалпы архитектурасын сақталады. Порталдардың стилистикасы қазіргі заманғы параметрлік ою-өрнектермен өрнектеліп, көркем ромб стилімен безендіреледі. Жобалаушылар тарих пен қазіргі заман арасындағы нәзік байланыс сақтап, шымкенттіктерге ерекше дизайн ұсынбақ. 

Мәдениет сарайында әртүрлі өнер мен кәсіпті, пайдалы дағдыларды үйренгісі келетін жастарға арналған білім беру орталығында әртүрлі шеберханалар ашылады. Өнер, керамика, ағаш ұстасы, аспаздық зертхана, қолөнер, 3D прототиптеу, макеттеу, баспа цехынан бастап, дыбыс жазу студиясы мен телестудияға дейінгінің барлығы болады. Жастарға коворкингте демалып, Digital-зертханада зерттеулер жүргіуіне мүкіндік қарастырылған.

Алдағы жылы жастар сарайы есігін айқара ашып, шымкенттіктерді ерекше қуанышқа бөлейтін болады. Мұнда ғимараттың кескін-сәулеті көздің жауын алып қоймайды, жан-жағының абаттандырылуымен тамсындырады. Сарайдың маңына гүл мен ағаш көптеп отырғызылып, субұрқақтар, аллеялар, балалар және спорт алаңдары салынады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер