Сайрам қалашығында монша құрылысы табылған

Әлемде әр ұлттың өз болмысы мен ерекшелігі бар. Әр халықтың тереңнен тамыр тартқан тарихы, құнды мұралары ұлттық болмысын айшықтайды. Ал ұлттық код тілі мен ділінде, дәстүр-салты мен мәдениетінде.

Screenshot_3.jpg

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер – дәстүріміз бен мәдениетіміздің қайнары. Жалпы, Қазақстанда 25 мыңнан аса тарихи-мәдени мұра ескерткіші бар, оның ішінде 10 ескерткіш ЮНЕСКО –ның қорғауында, яғни бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Ал 12 500-ге жуық ескерткіш республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіш қатарында. 2200 жылдық тарихы бар көне қала саналатын Шымкент қаласында 7 нысан республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. Алтауы қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің санатында, қалған біреуі, яғни Сайрам қалашығы археологиялық ескерткішке жатады.

Археологиялық Сайрам қалашығы қазіргі Сайрам ауылының оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан.  Тарихи қалашық туралы алғаш рет 629 жылы жазылған қытай саяхатшысы Сюань-Цзянның қолжазбаларында кездескен. Қолжазбада Сайрам – «Ақ өзен бойындағы қала» деп көрсетілген. Ақ өзен бойындағы қала жайлы мәлімет Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат аттүрік» атты еңбегінде де кездескенін тарихшылар айтып отыр. Онда: «Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Осы деректерден тарихшылар Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты деген дәлел келтірді. Исфиджаб қалашығы туралы зерттеуді 1923 жылдары П.П. Иванов, 1925 жылдары М.Е. Массон, 1947 жылдары Н. Бернштам басқарып, олардың археологиялық зерттеу жұмыстарынан қаланың бірнеше қақпа дуалынан тұрғанын байқаймыз.

– Сайрам қала алабындағы тарихи орындарға қазба жұмыстары жүргізілген. Ондағы орта ғасырлық монша құрылысының қазбасы кезінде алтын бұйымдардың үлкен қоры табылып, археолог Б.Байтанаев «Сайрамский клад» деген еңбегін де жазып, ғылыми айналысқа енгізген болатын. Ғалымның дер кезінде жасаған  іс-қимылы мен жанашырлығының арқасында археологиялық нысан ел тарихының алтын қорына қосылды. Дегенмен ғылыми еңбек негізгі кітапханаларға тартылғанымен, онымен қала тұрғындары таныс емес. Ал «Шығыс моншалары» бұл әлемдік мәдениеттің тағы бір керемет таңқаларлық құбылысы. Қазіргі заманауи инженерлік шешімдердің барлығының сол ықылым замандарды біздің ата-бабаларымыздың қол жеткізген дүние екендігі таң қалдырмай қоймайды. Мысалы, моншаның еденінің жылытылуы, ондағы таза ауаның алмасуы, су-құбыр жүйесі және тағысын тағы осындай толып жатқан техникалық мүмкіндіктердің болғандығы және олардың Еуропа құрлығының тұрғындары лас қолдың салдарынан болатын жұқпалы аурулардан жаппай қырылып жатқан кезінде гүлденгені таңқылдырады, ел мәдениетінің озықтығының тағы да бір жарқын мысалына айнала алады. Мұндай моншалар барлық қалаларда болған, ал қазір туристік нысанға айнала алғаны тек қана Түркістандағы  монша және ергетасы консервацияланғаны Отырар моншасы. Сондықтан Сайрам қала алабындағы осы археологиялық қазба тек көмбе болып қалмаса, - дейді тарих ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық бірігейлікті сақтау – ұлт дамуының дара жолы» зерттеу кітабының авторларының бірі Г.Жанысбекова.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер