Шаһардағы киелі ескерткіш туристер назарында

Шымкент қаласының аумағында ежелгі киелі ескерткіштер және сәулет нысандарының қатары аз емес. Түрлі ғасырлар мен дәуірлерге жататын нысандар біздің тарихи мұраларымыз. Олардың басым көпшілігі мемлекет қорғауындағы ескерткіштер. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің санатына жататын нысандардың бірі – Әбділ Әзіз баб кесенесі. 

Screenshot_4.jpg

Зиярат етушілер киелі Түркістанға бармастан бұрын, Қожа Ахмет Ясауидің туған жері Сайрамға табан тірейді. Сонда бірінші зиярат ететін орны  Әбділ Әзіз бабтың мекені. Кесене Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Сайрам ауылының солтүстік шетінде орналасқан. Ескі мазарат ХІХ ғасырдың ортасына жататын археологиялық ескерткіш саналады. 

Киелі Сайрам талай тұлғалар өмірге келіп, тарихи оқиғалар орын алған өңір. Археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.Байтанаев келтірген деректерде « Сайрам бұрыннан киелі орын деп есептелген. Махмұд Қашқари көрсеткендей: «Сайрам – Испиджаб деп айтылатын ақ қала атауы. Ал Сарьям оның өзгертілген нұсқасы». Бұл жердегі ақ түс дегеніміз түсіне байланысты айтылмаған. Ал-Мединат ал-Байданы сөзбе-сөз – Ақ қалағқасиетті қала, киелі қала деп түсінуге болады» келтірілген. 

Сайрамдағы қасиетті Әбділ-Әзиз баб – Түркістан аумағында исламның таралуына үлесін қосқан дін қайраткері. Арабша есімі Әбд әл-Әзиз, ол қазақшалағанда «Құдіреттінің құлы» дегенді білдіреді, сосын оған «баб» атағы берілген. Әбділ-Әзиз туралы деректер Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) алғашқы ізбасарларына жатқызатын «Рисаль» шығармасында, XVIII ғасырда жазылған «Мадинат ал-Байда және Испиджап әулиелер туралы трактатта» айтылады.

Кесененің сәулеті ерекше, оңтүстік өңірінде өрбіген ортағасырлық сәулет өнеріне тән күмбезді-порталды құрылыс сипатында салынған.  Үш бөлігі кең дәліздермен байланысқан. Әбділ-Әзиз баб кесененің солтүстігінде жерленген. Кесененің күмбезі қаңылтырмен қапталған.

Атап өтейік, Ұлы Жібек жолы дәуірінде қазіргі Сайрам, бұрыңғы Испиджап ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің, дін мен руханияттың ошағы болған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер