Ескі қалашық: шахристан бөлігі қайта қалпына келтірілген

Шымкентте Ескі қалашықты зерттеу жұмыстары жалғасуда. Археологиялық ескерткіш саналатын ортағасырлық бекінісі бар Шымкент қалашығы толық қалпына келтіріліп, қайта құрылып, Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі тарихи-танымдық туристік бағытына айналып отыр. 

Screenshot_1.jpg

«Қазіргі мегополистердің біріне айналған үлкен қаланың іргетасы сол ескі елді мекеннен бастау алып отыр. Оған дәлел қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер» дейді «Шым-қала» тарихи-мәдени кешенінің ғылыми қызметкері Н.Медетбекова.

– Қазіргі уақытта маңызды орталықтағы нысан ретінде мұнартып тұрған Шымкент қалашығы мен Цитадельдің шахристаны салыстырмалы түрде шағын, 4 гектарды құрайды. Осында жүргізілген 2003 жылғы ең алғашқы ауқымды зерттеулер Шымкент қаласы XIV ғасырда пайда болды деген пікірді бірден жоққа шығарды. Ғимараттың жоғарғы горизонттарында «әл-Махди» атымен V ғасырда соғылған «Бұхар-Худат» түріндегі монета, VII-IX ғасырлардағы ерте ортағасырлық қыш ыдыстар, ХІ-ХІІ ғасырлардағы «қарахандық типтегі» керамикалық бұйымдар табылды. Осылайша, Шымкент қалашығының барлығы стратиграфиялық қазбалардың қонысына айналды, - деді ғылыми қызметкер.

 Жалпы «стратиграфиялық зерттеу» дегеніміз – белгілі бір археологиялық нысанның мәдени қабаттарын зерттеу. Былайша айтқанда, адам өмір сүру кезеңінде барлық тұрмыстық заттар (органикалық және бейорганикалық қалдықтар, оның ішінде сәулеттік және археологиялық құрылыстар ретінде), бір жерде жинақталады. Осылай жинақталған мәдени қабат бірте-бірте биіктігі бірнеше метрге жететін үлкен төбе пайда болады. Археологтар табылған артефактілер мен мәдени қабаттың әр сүйемін сантиметрмен кесіп, бекітеді. Сантиметрлер шифрланған, нөмірленген және зертханада зерттелген. Адамның қолы тимеген төменгі қабат археологияда «материк» деп аталады екен, ал оның үстіндегі мәдени қабат заттар ескерткіштің пайда болған күнін береді. Осылайша, Шымкент қалашығының аршылған мәдени қабаттарының қалыңдығы 14 метрді құраған.

– Шымкенттің ең төменгі қабатынан табылған заттардан б.з.д ІІІ ғасырдың аяғы мен б.з.д. II ғасырдың басына жататын керамика кешені құрастырылды. Бұл цилиндр пішінді ыдыстарда, қазандарда жасалған дөңгелек пішінді қызыл бұрышты тостағандар көне Соғдының урбанизацияланған қоныстарына тән. Мұндай керамика біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ғасырлардағы Самарқандтың (Афрасиаб қалашығы) қала мәдениетінде ұқсастықтар табады. Бұл Самарқанд пен Оңтүстік Қазақстан арасындағы байланыстарды көрсетеді. Стратиграфиялық шұңқырдың қабаттары біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан бастап, Орталық Азияда үстемдік құрған Грек-Бактрия мемлекеті кезеңін, оның шығысындағы орталығы Сырдария бойында болған Кангюй мемлекеті тұсындағы қала тарихын көрсетеді. Ал, Кангюй мемлекеті туралы алғашқы мәліметтерді б.з.д. II ғасырда Қытай саяхатшысы Сюан-Цзяньнің жазбаларынан табамыз. Ал, жоғарыда Отырар-Қаратау мәдени сюитасына VI ғ. жатса, бұл қабаттар б.з.д. І ғасырдан қалған мәдениет материалдарымен іргелес болды. Сонымен, Шымкенттің қала типіндегі елді мекен ретінде пайда болуы II ғасырға жатады, -деген дерекпен бөлісті Н.Медетбекова. 

Қазба жұмыстары кезінде табылған заттар ішінде ХІХ ғасырдағы тұрмыстық заттар мен қару-жарақтар бар, көптеген мылтық оғы мен зеңбірек оқтары, әртүрлі өлшемдегі ядролар бар. «Олардың дені Қоқан гарнизонының зеңбіректеріне жататыны сөзсіз, мылтық оқпандарының көлемі калибрлілігі жағынан Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған қаруларға сәйкес келеді. Шымкент қалашығының жоғарғы құрылыс горизонтында жүргізілген археологиялық зерттеулер 1864 жылдың қыркүйегінде қаланы орыс әскерлері басып алғаннан кейін цитадельдің сыртқы қорғаныс қабырғасының жалпы схемасы болмағанымен, бекіністің ішкі бөлігі гарнизонның қажеттіліктеріне бейімделгенін көрсетті» деді.

Бүгінде шахристан бөлігіне түбегейлі өзгерістер жасала отырып, қайта өңдеуден өткен. Мысалы, ең алдымен мұнаралар тегістеліп, оларға бөлмелер қосылған. Мұны әскери қызметкерлер үшін пайдаланылды деп шамаланатын батыс қорғаныс қабырғасынан байқауға болады. Бекініс орыс гарнизонына, ал цитадельдің өзі әскери госпитальге айналғанын бүгінгі бізге Гейнстің жазбасы жеткізді. Осы тұстан бастап Шымкент қалашығының материалдық мәдениетінде өзгерістер орын алған. Жергілікті керамикалық бұйымдармен қатар зауыттық өндіріс өнімдерінің қалдықтары көп.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер