Шымкентке келетін туристердің назарын аударатын киелі орындар

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 

Screenshot_5.jpg

Статистикаға сәйкес, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді екен. Мәселен, жақын көршілерден бөлек, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастаған. Ал 2024 жылдың алғашқы алты айында Шымкентке 20 950 шетелдік турист келген. Бұл қаланың халықаралық туристік аренадағы тартымдылығының артып жатқанын көрсетеді,.  Туристер саны бойынша жетекші орындарды көршілес елдерге – Өзбекстан, Ресей және Қытайға тиесілі дейді,- сала мамандары.

Шымкент қаласында туристердің назарын аударатын киелі орындар мен тарихи орындарға бай. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің тізіміндегі Ұлы Жібек жолы бойындағы Ибрагим ата кесенесі, Қожа Талих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасына жолы түсетін қазақстандықтар ғана емес, шет елдіктер саны көбейіп келеді. Кесенелердің тарихына үңілсек..

**Ибрагим ата кесенесі Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, Ақсу жолының оң жағасында (ХҮІІ-ХХ ғғ) орналасқан. Бұл ескерткіштен ортағасырлық сәулетті көреміз,  күмбезді кесененің туристер  XIX ғасырда салынған нұсқасын көре алады. Құрылыстың ішкі-сыртқы көрінісінде ортағасырлық элементтер сақталған. Кесене биіктігі 8 метрден асатын, бір бөлмелі, шаршы пішіндес құрылыс болып табылады. Кесенеге ғасырлар бойы қанша рет жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен.  өзінің бастапқы сән-салтанатын жоғалтпай, рухани-тарихи құндылығын сақтап қалған.  

**Қожа Талих кесенесі Сайрам ауылының орталығындағы (ХІХ ғ). Тарихи нысан. Кесене туралы археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.Байтанаев: «Кесене XVI–XVII ғ.ғ. тұрғызылған деп есептелсе, ал қазіргі ғимараты XIX ғ. екінші жартысында салынған. Кейінгі аталған мерзімі біршама шындыққа жанасады, себебі Сайрамның культтік құрылыстарын Қоқан ханының өкілдері жаңартқандығы туралы мәліметтер бар. Қабырға қаландысына саз балшық ерітіндісін пайдалану арқылы ортаазиялық үлгідегі әртүрлі пішін мен уақыттағы кірпіштер (34х16х5 см, 35х17х15 см) қолданылған; аркалары мен күмбезі ғаныш ерітіндісін пайдалану арқылы төртбұрышты кірпіштен (23х23х4 см) қаланған» деген дерегін келтірген.  

**Қарашаш ана Қожа Ахмет Яссауидің анасы, кесене ол қайтыс болғаннан кейін Сайрамға тұрғызылған деген аңыз әңгімелер бар. Ескерткіш туралы деректер 1925 ж. жарық көрген М.Е. Массонның «Старый Сайрам» тарихи-археологиялық очеркінде кездесуі ғылыми зерттеу жұмысына бастама болады. 40 жыл бойы ұмыт қалғаннан кейін, Шымкент облыстық музейінің құрылыс ісі және сәулет өнері жөніндегі облыстық бөлімінің (Т. Поднебесная) тапсырмасы бойынша кесененің толық өлшемі алынып, сызбасы бар қысқаша тарихи анықтамасы мен сипаттамасы жасалады. 1983 ж. ескерткішті қалпына келтіру жұмыстарына байланысты алынған өлшемдері қайта пысықталды. Осы уақытта кесене Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығына енгізіледі.

**Қызыр мұнарасы Сайрам ауылының шығыс шетінде (ХІХ ғ). Аңыз әңгімелер бойынша осы мешіт құрылысының жерастында (шіллехана) Қызыр пайғамбар жалғыз өзі 60 жыл жасырынып, ораза тұтып, дұға оқыған. Осыған байланысты ол сопы-дәруіштерінің жебеушісі есептелген. Жалпы алғанда, Қызыр туралы аңыздар Қызыр – Ескендірдің уәзірі, Ескендірдің досы, «түнек еліне» жол көрсетуші данышпан ретінде кездесетін Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) туралы аңыздармен байланысты. Бұл қарым-қатынастар Сайрамның аңыздық және қасиетті тарихында Қызырдың ерекше орын алатындығын көрсетеді.

Қызыр пайғамбар мешітінің бастапқы ғимараты туралы нақты деректер жоқ. Мұнара – кешеннің ең биік зәулімі. Ол мешіттің оңтүстік- шығыс бұрышынан 3 метр қашықтықта орналасқан. 1948 ж. жер сілкінісі нәтижесінде мұнара ішінара қирайды (шам бөлігі бұзылады). Дегенмен, 1920–1940 ж.ж. фотосуреттері бойынша қалпына келтіріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер