Жарты милионнан аса кітап қоры бар әл-фараби кітапханасына биыл 10 жыл

Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылықтың киелі ордасы. Рухани құндылықты дәріптеп, өркениет әлеміне бастайтын жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай, тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдыру ісіне ықпал етуде кітапхананың атқарар қызметі мол. 

Screenshot_4.jpg

«Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды", – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда. 

Қаламыздағы киелі шаңырақ – Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына 10 жыл толу мерейтойы аталып өтті. Мерейтой кітапхананың 10 жылдық қызметіне бағытталған «Кітапхана – өркениет мұрасы» атты республикалық конференциямен басталды. Конференция атаулы күннің құрметіне Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. 

Конференция Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің алғы сөзімен бастау алды. 

– Қаламыздың әкімі Ғабит Сыздықбеков та, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жалпы кітапхананың, рухани дүниенің дамуына аса зор көңіл бөліп отыр. Ғабит Әбдімәжитұлы келгелі осы мәдениетке біршама қосымша қаржы бөлініп, қаншама жағдай жасалынып жатыр. Биылғы жылы біздің қаламызда бір емес бірнеше кітапхананың мерейтойы өтті, – деді Сәрсен Құранбек.

Жиынға қаладағы кітапхана басшылары, Оңтүстік өңірінің ақын-жазушылары, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тарихшылары қатысып, Әл-Фарабидің жаратылыстану және музыка саласындағы еңбектері жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, фарабитану ғылымындағы өзекті мәселелерді қозғады.

Шара барысында «Әл-Фараби кітапханасы – өркениет мұрасы» бейнефильмі көрсетіліп, Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының әртісі Д. Аралбаев Әл-Фараби монологын оқыды.

Жиынның мақсаты – кітапхана мен кітапханашылардың қоғамдағы маңызы мен рөлін, ғылым мен білімге, руханият пен мәдениетке қосып жүрген үлесін айқындау, кітапхана ісі саласын дамыту мен өркендету. Сондай-ақ, осы іс-шара арқылы оқырмандарды кітапханаға тарту және «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру да көзделіп отыр.

Әрі қарай елімізге белгілі ғалымдар мен профессорлар, Астана мен Алматы қалаларындағы Ұлттық кітапхана басшылары сөз алып, баяндама оқыды. Конференцияның екінші бөлімі Әл-Фараби кітапханасының 10 жылдық мерейтойына дайындаған әдеби-сазды кешке ұласты.

Мерейтойдың соңында қонақтармен бірге Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейіне саяхат жасауға көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер