Шаһардағы көне жұрттар мекені

Әрбір ұлттың кез келген азаматы өз елінің және туған өлкесінің тарихын білуі қажет.  Мемлекет басшысы болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет деп атап өтті, үшінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Screenshot_2.jpg

Шымкент – тарихы терең көне қала. Ғалымдар тарапынан қаланың көне тарихын дәлелдейтін қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер ЮНЕСКО-ға ұсынылып, шаһардың 2200 жылдығы бекітіліп, ең көне қалалар тізіміне енді. Көненің көзі, тарихтан сыр шертетін шаһарда жәдігерлер өте көп. Шымкент қаласында көненің көзіндей болып, қала ортасы, шеті немесе өзен-су жағаларында, сай ылдиларында төбе-ескерткіштер көп кездеседі. Қала тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың бірі - белгілі жазушы, тарихшы Момбек Әбдіәкімұлының айтуынша, мұндай жасанды төбелердің өзінің атқарған маңызды ролі болған.

– Көнекөз қарттардан олар туралы сұрасаң, «Ілгеріде ата-бабаларымыз бұл төбелерді алыстан келе жатқан жауды көріп отыру үшін тұрғызған екен» деген жауап айтады. Негізінде қазақ жерінде жау қарайтын жасанды қарауылтөбелер өте көп. Ал ондай мақсатта тұрығызылған жасанды төбелер көбіне жазық далаларда орналасқан. Біздің облыстың жерінде ондай төбелер Ордабасы, Арыс, Отырар т.б. далалы аудандардың жерінде мол кездеседі. Біздің қала аймағындағы жасанды төбелердің сыры тіптен басқада. Олады өлкемізді осыдан үш немесе екі мың жылдай бұрын мекендеген сақ-үйсін тайпалары тұрғызған. Әр тайпаның көсемі өзі отырған жердегі жанға жайлы, желден ық немесе ыстықта салқын болып келетін өзен-су жағаларына биік төбелер тұрғызып, сонда отбасымен отырған, керек кезде ел мәселесін шешкен. Былайша айтқанда, ондай тқбелер ру-тайпалардың билеушілерінің резиденциясы қызметін атқарған,- дейді тарихшы Момбек Әбдіәкімұлы.

Тарихшының айтуынша, көне тайпалардан қалған ескерткіш қаланың бірнеше нүктесінде әлі күнге дейін сақталған. 

Мәселен, Дулати көшесінің басындағы, нақтылап айтқанда Дулати мен Рысқұлов және Қонаев көшелерінің қиылысындағы үшбұрышты аумақта тұрған төбе. Қазір ол жерде темірмен тұрғызылған белгі бар. Төбенің жанынан ашылған мейрамхананың астында суы мол бұлақ аққан, кейін арнасы жабылып қалған. 

ХІХ ғасырдың аяғындағы орыс жазбагерлерінің жазуынша, осындай төбе кезінде қазіргі Жангелдин көшесі бойындағы қазіргі «Лакомка» кафесінің жанынан ағып өтетін  Қарасу арнасының сол жағалауында болыпты. Алайда 1960 жылдары сол жерге жаңа құрылыстар жүргізілгенде төбе тегістеліп кеткен. 

Сондай-ақ ескерткіш-төбе №2 аурухана мен Пресс-автомат өндіріс орнының құрылысы жүргенде астында қалған. Темірлан тас жолы бойындағы Тұрлан шағынауданы мен Темірші әулие қорымының маңында да тұрған. Қазір  Темірші әулиенің қасындағы төбе шөгіп, сұлбасы ғана сақталған. Хамза шағынауданы маңында, да төбенің орны болған. 

«Шымқаланың көне аумағында көне заманғы төбелер шоғыры неліктен көп болған? Болжам бойынша Шымқала маңы ежелден суларында ерекше қасиет бар бұлақтар шығып жатқан нәрлі жер. Екіншіден, Шымқаланың жері құнарл, шөбі шүйгін, табиғаты мен климаты адам тіршілігіне жайлы мекен. Үшіншіден мал жайылымына қолайлы, өзен-сай жағаларында өздігінен өнген табиғи жеміс-жидектер, қамысы мен түрлі дарақты нуының арасында аңның мың түрі өрген көоікті алап. Осының барлығы ата-бабаларымызға Шымқала аумағын жиірек қоныстануға ықпал етсе керек. Қай заманда болса да , адамдар еңб бірінші сулы алапты іздеген һәм сонда көбіне орныққан. Бұл сұраныс та Шымқала аймағы барлық талаптарға сай келген. Бәлкім көне замандағы бабалардың тіршілігінен хабар беретін әлгіндей төбелердің осында көп болғандығы һәм мұнда жиірек қоныстануының себебі осындай жағдайлардың арқасында іске асқан шығар. Қайткенде де, біз айтқан осынау үйілген төбелер Шымқаланың көне жұрттар мекені болғанын бір тараптан айғақтап тұр», - дейді тарихшы Момбек Әбдіәкімұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер