Кітапхана – ұлттың рухани азығы

«Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. 

Screenshot_9.jpg

Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек»,-  деді Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ, бұл саланы жетілдіру үшін ауқымды шараларды қолға алу қажеттігін тапсырған болатын. Қазір елімізде 11 мыңдай кітапхана бар екен. Кітапханалар оқырмандарға қолайлы жағдай жасауда жаңа форматқа көшіп, электрондық технологиялармен жабдықталуда. Шымкент қаласында  мұндай кітапханалар аз емес. Олардың бірі – 2013 жылы ашылған Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана. Аталған кітапхана ұлттық мәдениетімізді дәріптеу және рухани құндылықтарымызды дәріптеуде үлкен жұмыстар атқарып келеді. 

Статистика бойынша, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға жылына 200 мыңға жуық оқырман келеді. Кітапхана қорында 500 мыңға жуық кітап бар. Бұл кітапханадағы кітап қорын негізінен монографиялар, ғылыми жұмыстар және оқулықтар құрайды. 

Мамандардың айтуынша, соңғы 2-3 жыл көлемінде оқырмандар тарапынан көркем әдебиетке сұраныс артқандықтан кітапханада бұл жанрдағы кітаптар саны көбейтілген. Оның үстіне 2017 жылдан бері елімізде бастау алған республикалық «Бір кітап - бір ел» акциясы оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын да арттырған. 

Кітапханада оқырман санын арттыруда үлкен жобалар қолға алынып, қолайлы жағдай жасауда жаңғыртудан өткен Бүгінгі таңда кітапхана – пайда¬ланушыларға ақпараттық қызмет көрсетудің негізгі қоға쬬¬дық-мәдени орта¬лығына айналған. Руханият ошағында оқырмандарға жан-жақты қызмет көрсетуде жаңашылдыққа көшкен. 

Мәдени мекеме жыл сайын жаңа кітаптармен толығып келеді. Осының арқасында кітапхана мамандарды, оқушылар мен студенттерді ақпараттық қамтамасыз етудің нағыз базасына айналған. Мұнда жоғары оқу орындарының оқытушылары жиі келіп, қолда бар әдебиеттердің көмегімен монографиялар, мақалалар, диссертациялар жазады. Кітапханаға оларға гуманитарияға - мәдениеттану, жаратылыстану, тарих, өнер бойынша кітаптармен қамтуға мүмкіндігі жоғары. Медицина институттарының дәрігерлері мен студенттері үшін де әдебиеттер жеткілікті, дейді мамандар.

Кітапхана өз қорын жаңартқанда оқырмандардың сұрауы ескеріледі әрі ғылыми кітаптарды сатып алуға баса назар аударылады. Студенттердің, оқытушылардың, аспиранттардың, түрлі бейіндегі мамандардың білім беру және зерттеу қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру үшін де жұмыс істеуде. Мұнда ақпараттық ресурстар нарығын зерттеумен және мониторингілеумен үнемі айналысады. Қызметкерлер өз оқырмандарының қажеттіліктерін, олардың қызмет түрлеріне және сапасына қойылатын талаптарын зерттеген. Мекеме қызметкерлерінің пікірінше, оқырманның жұмысына ақпараттық технологияларды уақытылы енгізу оқырман үшін пайдалы әрі маңызды болды. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер ететіні анық. Бұл бағытта кітапхана қызметкерлері түрлі жоабалды қолға алған. Мәселен, кітапхана қорларын, оның жекелеген коллекцияларын насихаттауда тұрақты түрде көрмелер ұйымдастырады.  Иә, қазір кітапхананың қыз¬ме¬ті де бұрынғы түсініктен әдеқайда өзгерген. 

Кітапхана бір-біріне бай¬ла¬нысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын үш құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – кі¬тап сақтайтын және кітап оқитын орын, екін¬шісі – кітапханашы, үшіншісі – кітап қо¬ры. Осы үшеуінің бірлігі – кітапхана.  Жаһандық дәуірде сала мамандарына кітап құндылығын арттыру, оқырманды сақтап қалу секілді үлкен жауапкершіілк жүктеліп отыр. Осы мақсатта, Президентіміз тарихи және мәдени ағарту, сондай-ақ жастарды тәрбиелеу ісінде мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар сияқты мәдениет ұйымдарының рөлін күшейту керектігін айтты.

Әлемнің екінші ұстазының атын алған кітапханада сирек кездесетін кітаптар бөлімі де бар, оның қорында бес мыңнан астам дана бар. Бұл өткен ғасырдың 50-ші жылдарына дейін шығарылған көне кітаптар. Онда ағайынды Брокгауздардың энциклопедиялық сөздігі сақталаған. Сөздікті «Брокгауз және Ефрон» баспасы акционерлік қоғам ретінде 1889 жылы Санкт-Петербургте ресейлік типограф-кәсіпкер Илья Абрамович Ефрон неміс F. A. Brockhaus фирмасымен бірлесіп шығарған.

Әдебиет тарихшысы және библиограф Семен Афанасьевич Венгеровтың бастамасымен үлкен «Энциклопедиялық сөздік» шығарылған. Онда кейбір мақалалар неміс басылымынан аударылған, бірақ олардың басым бөлігін көрнекті орыс ғалымдары жазған. Бұл сөздік 1890 жылы шығарылып, 41 томды  құрады. Ал 1906 жылы қосымша томдары шығарылды. Сөздік әлі күнге дейін орыс тіліндегі ең іргелі энциклопедиялардың бірі болып саналады. Сондықтан оқырмандарымызға осы сөздікпен танысуды ұсынамыз, бұл шынымен де бірегей басылым.

Сонымен қатар 1922 жылы Қазанда жарық көрген Абай Құнанбаевтың туындылары сақталған. Кітапханада үйге берілмейтін ерекше кітаптар да бар. Олар «Жапония өнері», «Каллиграфия», «Қытай өнері» және басқа да кітаптар. Вальтер Скотттың 1824 жылы жарық көрген «Қызыл қолғап» шығармасы да бар.

Кітапханада жаратылыстану мен философия бойынша екі ғасыр бұрын басылып шыққан және әлі күнге дейін өзінің сапасын жоғалтпаған кітаптар бар. Тіпті араб тілінде жазылған және өзінің тарихи құндылығы жоғары Құран кітап та көруге болады. Бұл кітаптардың барлығы дара және сирек кездесетін кітаптар.  Бұл шығармаларды тек кітапхана залдарында оқуға болады. Мұнда мамандар құнды кітаптарға үлкен ыждаһаттылықпен қарап, ұқыпты жұмыс істейді. Кітапханада сирек кездесетін кітаптардың арнайы электрондық каталогы құрылуда. 

Шымкенттік оқырман тарабынан Қабдеш Жұмаділовтың тарихи туындылары, Төлен Әбдіқов, Әзілхан Нұршайықов, Сайын Мұратбеков, Бердібек Сохпақбаев, Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармалары,  Дулат Исабековтың, Шерхан Мұртазаның, Мұқағали Мақатаевтың кітаптары көп оқылады екен.  Сонымен қатар Шымкент қаласына деген туристік қызығушылық артып келеді, сондықтан да кітапханадан Қазақстанның, Түркістан өлкесінің, Шымкенттің тарихы мен археологиясы, біздің цитадель туралы кітаптар, қазақ аңыздары мен аңыздары жиі сұрала бастаған. Кітапханаға белгілі қазақстандық ғалымдар Бауыржан Байтанаев пен Карл Байпақовтың, сондай-ақ Әлкей Марғұланның жиырма томдық кітаптары жеткілікті көлемде қамтылған. 

Биыл рухани ордаға айналған Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға 10 жыл толды. Ұлттық кітапханадан  мерейтойға 2500 кітап сыйға берілді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер