Даңқ мемориалы – ерлік пен қажырлылықтың нышаны

Шымкент қаласына келетін қонақтар мен туристердің назараны аударатын ескерткіштердің бірі – Абай саябағы аумағындағы Даңқ мемориалы. Жыл сайын Жеңіс күнінде мыңдаған қалалықтар мен қазақстандықтар мәңгілік алау отының жанында Ұлы Отан соғысында қан майданда от кешіп, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. 

Screenshot_8.jpg

Ерекше сипаттағы кешеннің жалпы ұзындығы – 285, ені – 22 метр, ал аумағы 6 мың 270 шаршы метрді құрайды. Оның айналасындағы 48 шаршы метр жер көгалдандырылған, 4 мың шаршы метр жерге плиталар төселген, 17 жарық шам және жоғары қуатты 10 прожектор орнатылған. 

Шымкентте  осыдан қырық бес жыл бұрын Жеңіс мерекесіне орай ескерткіш орнату мәселесі қолға алынады да, Абай саябағында тұрғызылған стелланың құрылысын бастау үшін 3 жоба қарастырылады. Сол кездегі облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы Асанбай Асқаров сол нұсқалардың ішінен бүгінгі екі тұғырлы биік мемориалды таңдайды. Ерлік пен қажырлылықтың нышаны болған бүгінгі ескерткіштің тарихын айтқанда Асанбай Асқаровтың есімін айтпай кету мүмкін емес. 

Сол кезде «Жауынгерлік және еңбек даңқы» деп аталған ескерткіштің сәулетші – Иван Рыжков, суретші – Рысқұл Мейірманов және мүсінші Марат Айнековтың қолдауымен жүзеге асқан. Марат Айнеков – елімізде танымал мүсіншілерінің бірі болды. Ол Қазақстанның және шет елдердің белгілі тарихи тұлғалардың ескерткішін жасады.  Олардың ішінде Мәскеудегі «Абай Құнанбаев» монументалды кешені (2006 жыл), Севрихисар қаласындағы (Түркия) «Ататүрік» ескерткіші, Тегеран қаласындағы (Иран) «Абай» ескерткіші, Новосокольники қаласындағы (Ресей) «Әлия Молдағұлова» монументі, Талдықорғандағы екінші дүниежүзілік соғысты еске алу монументінің авторы болған. 

Кешенді ескерткіштің жоғарыда тоғысатын екі стелласының ұзындығы 33 және 31 метрді құрайды. Алғашқыда тот баспайтын құрышпен қапталған тұғырлар кейіннен құрамында платина бар сапалы материалмен көмкеріледі. Майдан мен тылдың бірігуін бейнелейтін 35 метрлік обелиск және астындағы «мәңгілік алау» 1979 жылы осылай салынды. 

Ескерткіш және оған апаратын аллея 2010 жылы күрделі жөндеуден өтті. Аллея бойымен екі жағынан 200 метрге созылған қара тақтайшаларға осы өңірден шыққан 140 мыңға жуық жауынгердің есімдері қашалып жазылған.

Кешеннің орталығында – «Жұлдыз» ескерткіші орналасқан. Қызыл гранитте – 51 Кеңес Одағының Батыры мен «Даңқ» орденінің 8 толық иегерінің есімі жазылған. Композицияны кәдімгі жауынгерлік ұшақ жалғастырып тұр. Ордабасы алаңынан көшірілген бомбалаушы ұшақ СУ-7Б – Шымкенттегі тарихи ескерткіштердің бірі.  Соғысқа қатысқан авиатор-ұшқыштарға арналған ескерткіш осыдан 40 жыл бұрын Чугуев пилоттар мектебінің түлектеріне арнап ашылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер