Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты көлемді сұхбатында еліміздегі даталы тарихи оқиғалардың бірнешеуіне көңіл бөле келе, мемлекеттілігіміздің тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін биыл іргетасы қаланғанына 800 жыл толған Жошы ұлысының тарихына қатысты ауқымды зерттеулер қолға алынатынын атап өткен болатын. 

Screenshot_7.jpg

Елімізде Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуы елімізде кең ауқымда аталып өтуде. Сонымен қатар тарихшы, этнолог ғалымдар әлемдік тарихтағы Жошы ұлысының тарихын айғақтайтын ескерткіштерді, саяси, мәдени, әдеби тарихын жан-жақты зерттеп, экспедиция жұмыстарымен қатар насихатталуы да қолға алынды. Отандық, шет елдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар өтіп жатыр. 

Шымкент қаласында отандық және шет елдік ғалымдар бас қосқан «Жошы Ұлысы кезеңіндегі Ұлы Дала» атты халықаралық дөңгелек үстелде тың зерттеулер мен деректер алға тартылды. М. Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен ғылыми басқосуда М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Кәрібаев Сәрсебай Өскенұлы жүргізіп отырды. Тарихы мәні бар басқосуда елімізге белгі тарихшы ғалымдар мен зерттеушілер баяндама жасап, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Жошы Ұлысын зерттеу» Ғылыми институтының директорының м.а. PhD доктор Ж.Сабитов, «Сирек кітаптар және қолжазбалар» орталығының ғылыми қызметкері Абсаликов Алмат Амантайұлы, Ш.Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының жетекші ғылыми қызметкері Жеңіс Жомарт Жеңісұлы, «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты»бас директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Төрәлі Қыдыр, Семей қаласының Шәкәрім атындағы универси-тетінің «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Каримов Мұхтарбек Қарпықұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Ташқараева Әсел Мұхтарқызы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Боранбаев Сандыбай, «Тарих және этнология» ғылыми орталығының басшысы Торгаутова Шолпан сынды ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ алыс-жақын шет елдерден Ә.Науаи атындағы Ташкент Мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті Буранов Анвар Қорабайұлы, Джиззақ политехникалық институтының «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының доценті Туратов Шухрат Бахрамұлы, University of Business and Science «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті, Назаров Хумаюн Алишеругли мен аталған университеттің ғалымы Ахмедов Рахматджон Нематжонугли сынды тұлғалар қатысып, Жошы ұлысы туралы ойларын ортаға салып, ортақ пікір алмасты. 

Тарихи деректерге сүйенсек, ХІІІ ғасыр Әлем өркениетінде ғаламдық қоғам құрылысының түбірінен өзгеруіне алып келген ұлы бетбұрыстардың кезеңі болды. Соның бірі - Ұлы Далада Жошы ұлысының құрылуы. Жошы - аз ғұмырына қарамастан 60-тан аса ірі шайқасқа қатысып, әлемнің 200-ге жуық қала, қамалды бағындырған әйгілі қолбасшы, әрі батыр. Сан елдерді бағындырған әскери стратег, ірі тактик. Шыңғысханның ұсынысымен Қыпшақ даласында өз ұлысын құрды. Бұл тарихта «Жошы ұлысы» немесе «Қыпшақ хандығы» деп аталады. Зерттеушілердің айтуынша, Жошының қол астына қараған аумаққа қазіргі қазақ жерінің 65 пайызы кірген. Кейін бұл аумақтың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ даласы енген. Осылайша, Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 миллион шаршы шақырымға жеткен. Жошы ұлысы - протоқазақ мемлекеті болып есептеледі. Сол себепті Жошы ұлысының қазақ тарихындағы орны ерекше. Өйткені қазақтың дархан даласында құрылған осы түркі мемлекетінің соңы - Қазақ хандығының құрылуымен а я қ т а л д ы. Ж о ш ы д а н шыққан Жошидтер әулеті Қазақстан аумағында 1224 жылдан 1860 жылдарға дейін 6 ғасыр бойы билік жүргізді. Бұл кезең Қазақстан тарихы үшін маңызды кезең, мемлекеттілігіміздің «алтын ғасыры» болды.

Ұлтымыз үшін аталған мерейтойдың маңызы орасан зор. «Мұның зор символдық мәні бар. Біз аста-төк той жасауға емес, салмақты зерттеу жүргізуге баса мән беруіміз керек. Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр, - деді Президент өз сөзінде. Жас ұрпаққа тарихымызды түгендеп, оның маңыздылығын танытуда үлкен жүмыстар жүзеге асты. Биыл бұл бағытта еспубликалық телеарналарда деректі және көркем фильм, балаларға арналған мультфильмдер мен бағдарламалар көрсетілді. Биыл өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында «Жошы» анимациялық фильмі көрсетілді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер