Ұлттық бірегейлігімізді нығайтумен қатар, тарихта ұлты, ұлтының жарқын болашағы үшін жанын пида жандарды жадымызда жаңғырту маңызды. Ұлттық мәдени-рухани құндылықтарды, ерлік рухты ұрпақ жадында қалыптастырып, сіңіруде елімізде түрлі бағыттарда жұмыстар атқарылуда.
Шымкентте бұл бағытта атқарылған жұмыстар нәтижесінде
Иә, тарихтың қаралы беттерінің бірі - саяси қуғын-сүргін. Ұлт қаймағы саналған ұлы тұлғалар сталиндік репрессия құрбанына айналып, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаһанша Досмұханбетов және басқа да көптеген көрнекті қайраткер ату жазасына кесілді. Ресми деректерге сүйенсек, 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде бүкіл одақта саяси баптар бойынша сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 777 мыңға жеткен. Оның ішінде 642 мыңнан астамы қатаң жаза алды. Саяси қуғын-сүргінге қатысты зерттеу жұмысын Президент тапсырмасымен құрылған XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығы жалғастыруда.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент қаласы бойынша өңірлік комиссияның жұмысшы тобы 9 бағытта іздену істінде. Шымкенттік ғалымдар тобының мүшелері архивтерге отырып, соңғы үш жылдағы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Оңтүстіктегі жаппай саяси қуғын сүргі: тауқыметті тағдырлар» атты ғылыми мақалалар жинағын жарыққа шығарды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент қаласы бойынша өңірлік комиссияның жұмысшы тобының мүшесі, «Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін адамдардың саяси баяндамаларына қатысушылардың (адамдар тобының) , қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа да салалардағы идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақтауға арналған пікірлер мен ұсыныстар дайындау жөніндегі» бағытының зерттеушісі тарих ғылымдарының кандидаты, дцент, профессор Исабек Баршагүл Қашқынқызының «Қуғын сүргінге ұшыраған Оңтүстік өңірінің әйелдері» ғылыми зерттеуін ұсынамыз. Зерттеуге арқау болған тұлғалар Шымкент қаласының тұрғыны, «халық жауы» деп жала жабылып, атылған Мамбетәлі Бағызбаевтың жары Сұлухан Бағызбаева және «халық жауы» атанып, ату жазасы кесілген Сұлтан Жәкеновтың жары Балайым Сейілханова.
Қос арудың қилы тағдыры...
«ХХ ғасырдын 20-30-шы жылдарында ұлт мүддесін өзінің жеке мүдесінен жоғары қоя білген қазақ зиялылары мен саяси эитасы қазақ халқының азаттық жолындағы күресінің көшбасында тұрды. Олар ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметімен қатар, қазақ мемлекетінің көп салалы экономикасын дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру, білімі мен
мәдениетін өркендету сияқты көкейкесті мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан шешу жолында бар күш-жігерін, өмірін арнады. Өкінішке орай, ардақтыларымыздың ұлы мақсаттарын іс-жүзіне асыруға кеңестік саясат тосқауыл қойып, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Олардың отбасы мүшелері мен туған-туысқандары да қамауға алынып
сотталды.
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы қазақ тарихының жаңаша бағытының зерттелетін тұстары өте көп. Соның бірі - Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыздан жазықсыз түрмелерде отырып, арнайы лагерлерде «жазаларын» өтеген қазақ әйелдерінің тағдыры. Олар Отанын сатқандардың отбасы мүшелері ретінде қудаланды.
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында ұлт мүддесін өзінін жеке мүддесінен жоғары қоя білген қазақ зиялылары мен саяси элитасы қазақ халқының азаттық жолындағы күресінің көшбасында тұрды. Олар ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметімен қатар, қазақ мемлекетінің көп салалы экономикасын дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру, білімі мен мәдениетін өркендету сияқты көкейкесті мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан
шешу жолында бар күш-жігерін, өмірін арнады. Өкінішке орай,
ардақтыларымыздың ұлы мақсаттарын іс-жүзіне асыруына кеңестік саясат тосқауыл қойып, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Олардың отбасы мүшелері мен туған-туысқандары да қамауға алынып сотталды.
ХХ ғасырдың 30-жылдары Ішкі Істер Халық Комиссариатының (ПХК)
тарапынан КСРО бойынша 3 млн-ға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Күні бүгінге дейін нақтылы мәлімет жоқ. Қазақстанда осы кезеңде
103 мың адам репрессияға ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 7 мың адам тұтқындалып, 2,5 мыңы оққа байланды. Өкінішке орай бұл тізім бүгінге дейін жалғасып, дерексіз кеткендердің құжаттарын іздестіру арқасында әлі де табылуда.
1930 жылдың ортасына дейін әйелдерге арналған лагерлер болмаған.
Қазақстанда «халық жауының» әйелдеріне арналған АЛЖИР (орысша
Акмолинский Лагерь Жен Изменников Родины) - 1937 жылы ПХК арнайы
бұйрығымен Отанын сатқандардың, әйелдерінің Ақмола лагері болып ашылып, кейін халықтын аузында АЛЖИР аталып кетті. Онда «халық жауы» ретінде ұсталған партия, кеңес органдарындағы басшы қызметкерлердің, көрнекті ғалымдар мен жазушылардың әйелдері, қыздары мен қарындастары қорлықтың неше түрін көріп, ешқандай құкықтарға ие бола алмады. «АЛЖИР» Қарағанды лагерінің 17 ші бөлімшесінің 26 нүктесі ретінде қазіргі Астана қаласының оңтүстік батысында, Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде 1937 жылы тамызда құрылған. «Отанын сатқандардың Ақмола лагері» - Карлагтын бір бөлімі ғана. Ол 30 мың га жерді алып жатқан. Онда үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылған әйелдер жазаларын өтеді. Ақмоланың әйелдер лагері - Карлагкқа бағынды. Қарағанды лагері республиканың басшылығына бағынбады, ол-тікелей ГУЛАГ-қа бағынған еді. Ал ГУЛАГ-тын астанасы Москвада болатын.
«Халық жауы» ретінде ату жазасына кесілген зиялылар мен танымал қайраткерлердің әйелдері РКФСР қылмыстық Кодексінің 58-ші бабының 17-ші тармағымен сотталды, яғни 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Ал лагерьде «жазаларын» өтеп жүргендердің әйелдері 3-5 жыл мерзімге сотталған. АЛЖИР-ге 8 жыл мерзімге сотталғандар: Тұрар Рысқұловтың жұбайы – Әзиза Рысқұлова, Сұлтанбек Қожановтың жұбайы - Күләндәм Қожанова, Сейітқали Меңдешовтің әйелі - Розия Меңдешова, Темірбек Жүргеновтің жұбайы - Демеш Ермекова-Жүргенова, Санжар Асфендияровтың жұбайы – Рабиға Асфендиярова, Жанайдар Садуақасовтың жұбайы - Елизавета Садуақасова, Бейімбет Майлиннің жұбайы - Күнжамал Майлина, Сүлеймен Есқараевтың жұбайы - Мариям Есқараева, Ғаббас Тоғжановтың әйелі - Мариям Тоғжанова, Сәкен Сейфуллиннің жұбайы - Гүлбахрам Сейфуллина, Ұзақбай Құлымбетовтың жұбайы - Әйіш Құлымбетова, Нығмет Сырғабековтың жұбайы
- Бибіжамал Сырабекова, Қайсар Таштитовтың жұбайы - Сағадат Таштитова,
Мухаметқали Тәтмовтың жұбайы - Шекітай Тәтімова, Ілияс Қабыловтың жұбайы - Айша Қабылова, Жұмат Шаниннің жұбайы - Жанбике Шанина, Зарап Темірбековтың жұбайы - Сақыпжамал Назарова, Атылаш Қалменовтің
жұбайы - Баршын Қаменова, Қабылбек Сармолдаевтың жұбайы - Майнұр
Сармолдаева, Әйтеке Мусиннін жұбайы - Хадиша Мусина, Дәулет Оразовтың жұбайы - Мадина Оразова т.б.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Карлаг, АЛЖИР-де отырған
әйелдер: Алтынбаева Хабиба Музафаровна, Алдабергенова
Албусина, Алтыбаева Балақыз, Ахмедова Күлжан, Батызбаева Сұлухан, Бобаева Ханай, Бушуева Наталья Ивановна, Ерубаева Зейне, Зеленская Наталья Илларовна, Ибрагимова Амина, Инагамова Хибиба Ибрагимовна, Лисина Акулжан, Кабулова Абиша Курбанбековна, Макина Иниш, Малдыбаева Сара Нұрмановна, Садықова Сұлукүл, Сарсенбаева Фатима, Флейшер Ксения Виссарионовна, Эрнст Мария Тимофеевна т.б.
Алжирде отырған аналар көп қиыншылықтар көрді. Олар мал бақты, фабрика салды, қамыс орды, жер қазды, бау-бақша екті, сиыр сауды, т.б.
Қиындыққа шыдамай лагерьде көп аналар жынданып кеткен.
Бағызбаева Сұлухан 1905 жылы 14 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге
келген. Орысшаға сауатты әкесі Еспол Қолдасбеков (1895 жылы туылған) аудармашы қызметін атқарған. Сұлухан отбасындағы тұңғышы еді. Оның ізінен кейін бес інісі мен төрт сіңілісі болды. Сұлуханның жұбайы Мамбетәлі Бағызбаев 1893 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының
Кемербастау ауылында туылған. Оңтүстікте алғаш рет мақта шаруашылығының негізін қалаған, Шымкентте облыстык партия комитеті егін шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Мамбетәлі Бағызбаев 1937 жылы 25 тамызында тұтқындалды. Ал 1938 жылдың 19 акпанында КСРО Жоғарғы сотының Әскери Коллегиясның үкімімен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-7, 58-8, 58-11 баптары бойыша сотталып, ату жазасына кесілді. Жаза сол күні орындалды. Сұлухан Бағызбаева халық жауының әйелі ретінде 1937 жылы 10 қарашада тұтқынға алынып, 1938 жылы 21 шілдеде РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-8, 58-9, 58-11 баптары бойынша 5 жылға сотталып Қарағанды еңбекпен түзету лагерінде бес жыл уақытын өтеген.
Екі қызы мен жалғыз ұлы балалар үйінде өседі. Кіші қызы Мая (1929 жылы туылған) Орск каласындагы Сорочинск балалар үйінде тәрбиеленіп, әкесі
Мамбетәлі Михайлға өзгертіліп, Мая Михайловна болып шыға келеді. Үлкен қызы 3оя (1927 жылы туылған) мен Сұлтанбек басқа балалар үйіне ауыстырылды. Сұлтанбек 1943 жылы соғысқа аттанып, хабар-ошарсыз кетеді. Кейін КазҰУ-дің профессоры, ұлтжанды азамат, КазҰУ-дің ректоры болған Өмірбек Жолдасбековтің жұбайы Мая Бағысбаева өз естелігінде былай деп жазады. «...Әлі көз алдымда 32-ге енді келген анамды да қамады... Үлкеніміз Сұлтанбек «халық жауы» деген аттан құтылу үшін 16 жасында жасын асырып, соғысқа сұранған екен. Шешеме жазған бір хаты есімде қалыпты. Онда «әкеме, бүкіл отбасыма жабылған жаланы қанмен жуамын» деген сөз бар... 19-ға жетпей майданда қайтыс болды». Сұлухан Бағысбаева жаза мерзімі аяқталған соң Орталық Қазақстанда қалып, қара жұмыс істейді. Мая 1945 жылы, яғни араға жеті жыл салып барып, жоғалтып алған анасымен Долинка селосында табысады. 1946 жылы Шымкентке оралады. 1996 жылы 91 жасында қайтыс болды. Ал күйеуі Мамбетәлі Бағысбаев 1990 жылы 30-қазанда Шымкент облыстық прокуратурасының қаулысымен ақталды.
Сейілханова Балайым 1914 жылы Созақ ауданында көшпелі отбасында туып-өскен. Жастайынан жаңа өмірге белсене араласып, 16 жасында дала сахналарында өнер көрсетеді. Оның алғашқы сомдаған ролі - Мұхтар
Әуезовтың «Ескілік көлеңкесінде» пьесасындағы Жамал бейнесі. Ол оқу-жазуды жақсы меңгеріп, комсомолдың алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде аудандық комсомол комитетінде қызмет атқарған.
Жалынды жас Балайым қызметін атқара жүріп, Шымкентке окуға барады.
Бірақ ауруға шалдығып, оқуын орта жолдан үзеді де елге оралады. Ал елге келген соң емделіп, мектепке қызметке орналасқан. Міне, сол аралықта ол
«Ащысайполиметалл» комбинатының әскери күзет қызметінің бастығы
Сұлтан Жәкеновпен дәм-тұзы жарасып, екеуі отау кұрады. Бұл кезде
Б. Сейілханова әлі 20-ға да толмаған қыз еді.
Оқу-білімге құштар жас келіншек 1935 жылы Алматыға КомВУ3-ға екі
жылдық оқуға кетеді. Оның бір жылын аман-есен оқып, демалысқа күйеуінің жанына келеді. Ал, екінші жылы бастала бергенде, 1937 жылы Балайым оқудан, комсомол мүшелігінен, большевиктердің бүкілодақтық коммунистік партиясы мүшелігіне кандидаттықтан және жатақханадан шығарылды. Себебі, күйеуі Жакенов Сұлтан 1937 жылы 3 қырккйекте тұткынға алынып, «Халык жауы» деген жала жабылыл, 1937 жылы 3 қыркүйекте 7 желтоқсанда РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-10, 58-11 баптары бойынша сотталды. Балайым Жакенова 1937 жылы 17 қазанда қамауға алынып, 30 желтоқсанда 10 жылға камауға үкім шығарылады.
Сұлтан Жәкенов Шымкентте атылған. Сүйегі «Қасірет» мемориалының астында жатыр. Балайым Сейілханованы 10 жылға соттады. Олар үш мыңдай тұткын болып Ресейге айдалды. Барған соң бәрін тұс-тұска бөліп жібереді. Сол 10 жыл бойына Архангельск, Вологда, Ярослав, Калинин жерлерінде ауыр, қара жұмыста болады. Балайым 1943 жылы қатты ауырады, оны қамаудағыларға арналған ауруханаға жатқызады. Онда алты ай қимылсыз, қолын аузына да апара алмайтын халде жатыпты. Балайым Сейілханованы Жакенова Евгения Ильиничина Самореч деген хирург әйел емдейді. Кейін үстелге отыратын халге жеткізеді. Ол да Балайым сияқты «халық жауының» жұбайы еді. Соғыс бітіп 1947 жылдың желтоқсанында 10 жыл жаза мерзімі аяқталып, қамаудан босатылады. Содан елге оралады. Келгесін 1972
Жылға дейін «Ащысайполиметалл» комбинатында әртүрлі кызметтерде, ішінде 14 жыл асхана директоры болып, зейнеткерлікке шығады. Екінші рет тұрмыс кұрып, бала-шағалы болады.
Күйеулері қудаланғанда көрген қорлық пен азаптарға шыдаған, айдалған отағаларының соңынан іздеп барып, тірек болған, лагерьге қамалса да балалары мен жарларын ойлап өмір сүрген, тұткыннан босағаннан кейін де балаларын іздеп, тауып, отбасының түтінін қайта түтетіп, ұл-қыздарына шыққан тегін ұмыттырмауға ұмтылған әйелдердің, әсіресе қазақ әйелдерінің қайраты мен қайсарлығы кейінгі ұрпаққа мәңгі ұмытылмас, өшпес өнеге.
Біз саяси репрессия тұсында өздерін ерлікпен ұстай білген аналарымызға терең құрмет сезімін білдіреміз. Олардың ерлік рухы із-түзсіз кетпек емес. Біз оларды мақтан тұтамыз, олардын бойындағы ерлік, төзімділік, сабырлылық, ақылдылылық т.б. қасиеттерді ерекше атап өтіп, насихаттаумыз бүгінгі күнгі қажет дүние болып табылады».