«Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?

«Біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет» деп атап өтті Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Screenshot_1.jpg

Тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашып, ақиқатты айтуда елімізде Президенттің тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек,  XX ғасырдағы репрессия құрбандарын ақтау үшін елімізде 2 млн 600 мыңнан астам құжат пен материал құпия архивтерден жарыққа шығарылған. Бұл туралы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылағанда айтылды. Мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек еткен. Ғалымдар еліміздің түкпір-түкпіріндегі 60-тан астам мемлекеттік және ведомстволық архивтерде ауқымды жұмыс атқарып, сяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мыңнан астам адамды ақтау үшін қолданыстағы заңнама аясында нақты жұмыс жүргізген. Нәтижесіде толық ақпарат қамтылған 72 томнан тұратын жинақ әзірленген.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент қаласы бойынша өңірлік комиссияның жұмысшы тобы жұмыс істеп келеді. Ғалымдардан құралған жұмысшы тобының 9 бағытты қамтитын табанды да еселі ізденістерінің барысында «Оңтүстіктегі жаппай саяси қуғын сүргі: тауқыметті тағдырлар» атты ғылыми мақалалар жинағын жарыққа шығарды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент қаласы бойынша өңірлік комиссияның жұмысшы тобының мүшесі, ОҚПУ «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының доценті, PhD доктор ғалым Алдабергенова Мөлдір Кеңесбекқызы Шымкент аумағында ұжымдастыру  науқанының жүргізілуі туралы зерттеді. Мөлдір Кеңесбекқызы «Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау» бағытының зерттеушісінің Шымкент тарихына қатысты зерттеуін ұсынамыз. 

Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?

Ұжымдастыру науқанын жан-жақты әрі архив деректердің негізінде зерттеу меселесі тек Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкіндік болды. Дәл осы кезеңнен бастап Қазақстандағы

ұжымдастыру меселелеріне идеологиялық шектеулерден ада жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. 1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз кұрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға орта жене төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде ақтау белгіленді; Екінші топқа елдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазакстанның астықты аудандары жатты. Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай жоспарланды. Көшпелі қазақ аулылдары осы үшінші топқа жаткызылды.

Белгілі ғалым М.Б. Олкотт: «Қазақстанда ұжымдастыру немесе репрессия процесінде аға өкілдері қаза таппаған отбасылар сирек кездеседі. Сансыз отбасылар толығымен жойылып кетті, олардың аттарын бүгін қалпына келтіре алатын ешкім қалмады» деген.

Алайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси

қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлыққа қол қойылып, «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!» - деген ұранмен өңір-өңірлерде жергілікті комиссиялар

жұмысын бастады. Ұжымдастыру науқаны 1928 жылы 27 тамызда шыққан

«Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы мен 13 кыркүйекте жарық көрген «Тәркілеуге қарсылык көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды кешіру туралы» екі қаулымен тікелей байланысты болды және ұжымдастыру науқанының іске асуын бірнеше кезеңмен жүргенін көреміз:

Бірінші кезең - 1928-1929 жылдары қаулыға сәйкес ірі және орта байлардың тәркіленуі;

Екінші кезең - 1929 жылдың 1 қазанынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жүргізілуі және кезінде «бай-лишенец» деп жазылған тұлға бұл кезеңде «колхозник-середняк» деп жазылып, колхоздастыруға қатыстырылуы;

Үшінші кезең - РСФСР -дің қылмыстық кодексінің 58 бабынын 7 және 10 бөлімдері бойынша сотталу, яғни Кеңес өкіметін құлатуға, әлсіретуге немесе кейбір контрреволюциялық қылмыстар жасауға шақыратын үгіт-насихат немесе үгіт-насихат, сол сияқты сол мазмұндағы әдебиетті тарату немесе өндіру немесе сақтау деген айыптармен сотталып кетуі;

Ұжымдастыру науқанын аталмыш кезеңдерге бөліп қарауымыздың себебі де жоқ емес. Түркістан облысының мемлекеттік архивінде сақтаулы құжаттарды талдай келе, ұжымдастыру науқанының жүргізілуі осындай кезеңдермен іске асқандырын қугын-сүргінге ұшыраған тұлғалар құжаттарынан көруге болады. Мәселен, 1889 жылы Чимкент ауданы, 11 ауылдын тумасы, ұлты қазақ, руы жаныс Алимкулов Жапар атты азамат 1927 жылға дейінгі құжаттарда ірі бай ретінде тіркеледі, оның 1929 жылы колхоз құрамына еніп, осы жылдан бастап «крестьянин-бедняк» деп жазылғандығы тіркелген құжаттарды көруге болады және оның 2 сиыры, 1 бұқасы, 2 жылқысы болғаны айтылады. 1931 жылы РСФСР-дің Қылмыстық кодексінің 58 бабы 10 бөлімі бойынша айыпталады. Атап айтқанда, астық тапсыруға, егіске қарсы жаппай үгіт жүргізіп, тамыз айында шаруалар белгіленген бағамен астықты мемлекеттік қабылдау пункттеріне жеткізуге кедергі келтіргені үшін сотталады.

1931 жылы 20 сәуірде Чураковтың басшылығындағы ОГПУ-дың Шымкент қалалық бөлімшесінің жанындағы Шымкент еңбекпен түзету үйінде қамауға

алынып, 1932 жылы 23 қазанда Скиба облыстық сотының төрағалығымен

Оңтүстік Казақстан облыстық соты 5 жылға мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерлеріне жөнелтіледі. Сол секілді 1899 жылы Сайрам ауданы, Қарабулақ ауылы тумасы болган, ұлты өзбек, сол кезде жаңа құрылған «Мехнат» колхозының басқарма мүшесі, сонымен қатар шаруашылық меңгерушісі болған Кошметов Сатыбалды жайлы мәліметтерде революцияға

дейін ірі бай, мал саудасымен айналыскандығы айтылады.

Кошметов Сатыбалды РСФСР-дің Қылмыстық кодексінің 58 бабы 7 бөлімі бойынша айыпталады. Ол мақта жоспарын орындауда зиян келтіргені үшін, сондай-ақ мақта дайындау жоспарының орындалу үшін іс-шаралар қолданбағаны үшін сотталған. 1932 жылы 29 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Скибанын торағалығымен 5 жылға мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерінде және үш жылға шалғай аудандарға жер аударылатындығы жайлы мәліметтер архив беттерінде сақтаулы. Осы секілді архив беттерінен бір-біріне ұксас РСФСР-дің қылмыстык кодексінің баптарымен айыпталып, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар өмірі жайлы мәліметтерді көптеп кездестіруге болады. Олардың көпшілігінің өмірі мен тағдырын ұжымдастыру науқанының біз бөлген кезеңдеріне сәйкес өрбігендігін көре аламыз.

Ұжымдастырудың айқын тарихы — «тәжірибе жасау мен

қателіктердің», аяусыз да ымырасыз идеологиялық айқастың, саяси, оның ішінде қарулы қақтығыстардың тарихы. Қазақ даласында ғасырлар бойы

қалыптасқан шаруашылықтын дәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары - Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Жиырмасыншы жылдар кезеңінде Кеңес мемлекеті елді индустрияландыруға ерекше мән бере отырып, күрделі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар

жүргізді. Бүкілодақтық коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қараша (1929) Пленумында ұжымдастырудың жоғары қарқынын заң жүзінде бекітті және бұл қысқа мерзімде толық ұжымдастыру үшін ессіз жарысты тудырды. Қазақ ауылының жойылу артта қалған халықтардың капитализмді айналып өтіп, феодализмнен тікелей социализмге өтуі мүмкін екендігі туралы белгілі марксистік теорияның шеңберінде жасалған сталиндік эксперименттің негізі болды. Биліктің бұл жерде қол жеткізген басты нәрсесі - шаруашылық

жүргізудің дәстурлі нысандарын жою және экономикалық тұрғыдан күшті ауылда бірнеше есе жоғары болуы мүмкін ықтимал наразылықты басу болды.

Ұжымдастыру қасіреті қазақ халқының тарихи жадында мәңгі сақталады,

тыңылықты, жан-жақты зерттеуді талап етеді, Отандық тарих ғылымының алдына жаңа міндеттер кояды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер