Биыл елімізде Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай халықаралық, республикалық ғылыми басқосулар, экспедициялар, көрме және жоғары оқу орындары, білім ұйымдарында іс-шаралар өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр. Ендеше, Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек. Жақында Алтын Орданың тарихы және әйгілі тұлғалары туралы көп сериялы деректі фильм түсіру үшін тиісті жұмыстар басталды. Оған шетелдің танымал мамандары тартылып жатыр. Фильм белгілі халықаралық платформалар арқылы көрсетілуі керек. Жалпы, елімізді әлемге таныту үшін Алтын Орда брендін жан-жақты және кеңінен пайдалану қажет» деп атап өткен болатын. Президенттің бастамасымен Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт құрылды.
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ЕАн-23-1к тобымен бірге «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға колледж директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Абишев Рахымжан Анапияұлы, Қазақстан тарихы пәні оқытушысы, магистр Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы және студенттер қатысты.
– Соңғы жылдары елімізде тарихи әділдікті қалпына келтіруге баса мән беріліп отыр. «Төл шежіреміздің ақтаңдақ беттерін» ашу үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткенді саралап, тарихқа шынайы баға берудің маңызы зор. Биыл Жошы ұлысына 800 жыл толып отыр. Жошы ұлысы туралы жылнамалық тарихтан ғана білеміз. Қазіргі таңда әлемнің және түркі ғалымдарымен бірлесе зерттеулер де жүргізіліп келеді. Оның саяси, мәдени, әдеби тарихы әлі де зерттеуді қажет етеді. Жастарға тарихымызды таныту оқытушылардың міндеті. Сондықтан студенттер арасында тарихқа тереңірек тоқталамыз. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екенін және Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты мен саяси экономикалық даму ерекшеліктерін,қоғамдық құрылысы мен оның әлсіреуі туралы білу қажет. Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, білім алушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйретіп, ізденіске баулимыз. Бұл білім алушылардың өз Отанына деген патриоттық сезімде тәрбиелеуге, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, білім алушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасауға, өз ойын дұрыс қорытындылап, жеткізе білуге үйретеді.
Дөңгелек үстелде Бату бастаған Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, Берке хан тұсында Моңғол империясының ыдырауы, Алтын Орданың тәуелсіздікке ұмтылуы, Жошы ұлысының өркендеуі туралы мәлімет айтылды. Өзбек және Жәнібек хандар, саяси картада Жошы ұлысының шекаралары көрсетіліп, Орданың өз заңдары, өз ережелері мен қаржылық ерекшеліктері болғандығы атап өтілді. Жиын соңында Алтын орда тарихына қатысты бейне фильмдер, жеке білім алушыларыдың пікірлері тыңдалды.
Қазіргі таңда елімізде Жошы ұлысын ғылыми-зерт¬теу институты 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық ғалымдары XIII-XIX ғасыр аралығында¬ғы Қазақстан тарихын жан-жақты зерттеуді мақсат еткен. Шағатай ұлысынан басталып Ке¬несары дәуіріне дейін жалғасатын бұл кезең тұтас 6 ғасырды қамтиды. Орталықтың ғылыми ұжымы отандық тарихтың дәл осы ақтаңдақ тұсын зерттеу үстінде.
«Қазір Қазақстанның жеті томдық жаңа академиялық тарихын жазу үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған 250-ден астам ғалым, соның ішінде 60 шетелдік маман жұмылдырылды. Академиялық басылымның осындай үлгісін әзірлеу тәжірибесінде алғаш рет Жошы ұлысына жеке том арналмақ. Оны дайындауға Ресейдің көрнекті тарихшысы Вадим Трепавлов та атсалысты», деп атап өтті Президент Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінде.
Таарихи дерекке сүйенсек, Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 млн шаршы шақырымға жеткен. Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтсақ, Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігі немесе суының молдығынан емес, ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан «Ұлытау» атанған киелі мекен. Дәл осы жерде болашақ қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Айбарлы Абы¬лай да осы топырақта ақ киізге отырып үш жүздің ханы болды Сол секілді қазақтың хандық дәстүрінің соңғы буыны Кенесарының салтанаты түрде тәж кию салтанаты өткен жер де осы қасиетті Ұлытау даласы еді.
Бұл жерде барлық қазақ хандарының атасы саналатын Жошы ханның және аты алғашқы түркі тайпаларының басын қосып ел еткен Алаша ханның мазары бар. Едіге мен Тоқтамыс ханның зираты жатыр. Ұлытау ауданы бойынша 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Ұлытау ең маңызды оқиғалар болған тарихи орын.