Ақын мерейтойы аталып өтті

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында белгілі ақын, халықаралық және республикалық мүшәйралардың жүлдегері , М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың және республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Бақытжан Алдиярдың «Қолтаңба» атты шығармашылық кеші өтті. 

Screenshot_4.jpg

Іс-шара Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің құттықтау хатын табыстады.

Шара барысында ақынның соңғы жылдары жазған өлеңдері мен оның сөзіне жазылған әндер орындалды. Кештің тізгінін ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақыт Беделханұлы ұстап, Бақытжан Алдиярдың шығармашылығы туралы терең мазмұнды әңгімелер қозғады.

Кешке Ханбибі Есенқарақызы, Ұлықбек Есдәулет, Момбек Әбдәкімұлы, Жарас Сәрсек, Жанарбек Әшімжан, Ерлан Жүніс, Дәулеткерей Кәпұлы сынды қазақ әдебиетінің тарландары қатысып, ақынға деген өз құттықтауларын білдіріп құрмет көрсетті. Шараға «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Яссы» би ансамблі мен өнерпаздары өнер көрсетті.

Сонымен бірге осы кеште ақынның әріптес аға-інілері мен мен замандастары оның ақындық өнері мен шығармашылығына жоғары бағасын беріп, әр кезде жазған өлеңдерінен бір-бір шумақтан оқып берді. Қазақтың талантты, қабырғалы ақындарының бірі Ұлықбек Есдәулет мерейтой иесіне арнап жырдан арнау арнады, өз кезегінде халқымыдың белгілі шайыры әрі ғалым кісі Аманкелді Кеңшілікұлы Бақытжан Алдиярды қазақтан шыққан ХХІ ғасырдың Пушкиніне бағалады.

Біз өз кезегінде ақынның мерейтойына орай онымен аз-кем әңгімелесіп, жеке өмірі, шығармашылығы, ақындық өнерге деген көзқарасы жөнінде сұрап білген едік.

-Менің әкем өлең жазған жоқ. Бірақ соған жақын болды. Мен атам Алдиярдың қолында өстім. Оның әкесі Ержан да шешен болған кісі деді ақын. –Алдияр атаммен кішкентай кезімде айтастыным еміс-еміс есімде. Ол кезде сол 5-6 жаста болуым керек. Сонда атам «Бахытжан пұшық, мұрын кетіп барады аспанға ұшып» дейтін. Сонда мен домбыраммен, домбыра тартуды бес жасымда үйреніп алғанмын, оған пұшық болсам өзіңе тартқанмын да деген сықылды жауап беретінмін. Бұрын шопандардың тойы, слеті болатын. Сол тойда айтысқаным есімде. Ол кезде қазақша киім жоқ. Шешем барқыттан қолдан тігіп берген. Суреттері әлі бар. бесінші сынып оқып жүрегінмде ауылға алыс жездеміздің досы ақын Әбілхан Әбіласанов келді. Сол кісі менің өлеңдерімді жазып алып кетті. «Қазақ тілі мен әдебиеті» деген республикалық журнал болған. Сол жерде менің «Мектебім» деген өлеңім шыққан. 1985 жыл еді. Содан он жылдай айтысқа қатыстым. Ең соңғысы 1994 жылы Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің 80 жылдығында айтыстым. Содан кейін айтысты қойып кеттім. Тастамас ба едім, рухани ұстазым, өнердегі әкем Мархабат Байғұт ағам жазба ақындыққа кетуге кеңес берді. Кітабым шыққанда алғы сөзінде Махаң «Егер мен тоқта демегенде Бахытжан інім он көлік болмаса да 5-6 мәшіне мінер еді» деген еді. Өзім де айтыстан кеткім кеп жүрген Махаңның сөзі соған әдемі түрткі болды. Айтысқа сонша құмар болған жоқпын, сосын бойымда әртістік қабілет те жоқ еді. Сөйтіп әрі-сәрі күйде жүргенімде ғой махаң осы айтыста қоя салсаң қайтеді деп ақыл айтқаны. Тұрбат – менің ауылым. Ауылдың жартысы қазақ жартысы өзбек ұлтынан тұрады. Ержан бабам өмір сүрген заманда әр жұмада ағайындар қымызмұрындық беруші еді. Бабамызды сондай отырыстарда сөзбен ешкім жеңе алмайды екен. Бабамыз қартайған шағында бәйбішесі қайтыс болады. Бір күні жұмаға баратын уақыт келеді. Астындағы есегі жаңадан туған. Содан қодығын жетектеп мешітке барады. Есегін шайхана түбіндегі талға байлайды. Оны көрген өзбек ағайын сөзден ұстау үшін «Ереке бәйбішеңіз өмірден озған екен, иманы саламат болсын. Сол сізді кейін жаңадан қатын алды деп еді. Астыңыздағы әйеліңіз құтты болсын» деп әдейі жұртқа естіртіп айтады. Бабамыз саспастан «Рахмет балалар, сол сендерді көрімдік бере ме деп жиендеріңді ертіп келдім» депті қодықты көрсетіп. 

Ақынның айтуынша өмірінде әттеген-ай деген тұстары өте көп болған. Шығыстың жеті жұлдызы деп жатады. Негізі ол одан да көп. Соның бірі әрі бірегейі өзбек жазба әдебиетінің негізін қалаған Әлішер Науаи. Ал оның пір тұтқан ұстазы Мәулана Атаи. Атаи – аталардың баласымын деген сөз. Мәулана парсы тілінде данышпан деген сөз. Мәулана Атаи Әлішер Науаидің ұстазы болғаны үшін өзбектер оны өзбек қылып алды. Біз айырылып айырып қалдық одан кезінде. Мәулана Атаи Тұрбатта туылған. Ясауи бабамыздың немере ағасы хазіреті Ысмайылдың ең кенже баласы. Бірақ ілім-білім іздеп, өмірін бәрі Иран, Ауғанстан, Үнді жерінде Иракта өткен. Қабірі Ауғанстандағы Балх қаласында қалған дейді. Біреулер қартайған соң елге келген дейді. Мәне сол Атаиді қазаққа қайтіп қайтарып берген ақын Бақытжан Алдияр. Оның өлеңдерін тұңғыш рет көркемдеп аударды. Екіншісі шах Бабырдың шығармаларын қазақша көркемдеп тәржімалады. Шах бабыр десе есімізге Бабырнама түседі. Ол Моғолстан империясын құрған ұлы патша ғана емес, мықты математик,сұмдық астроном болған адам. Сосын керемет ғажап ақын, шайыр болған кісі. Мәуеренахрдың ресми жазуы шағатай тілі еді. Бірақ сол заманда Бабыр жазуы деген болған. Ол мықтылығының бір айқын дәледі. Мысалы үшін әлішер Науаидің жазуы деген жазу жоқ. Ал тарихта Бабыр жазуы деген жазу қалған. Соның толық шығармаларын, ғазалдарын қазақ тіліне тағы да көркемдеп аударып шықты. Ол дегеніміз үлкен-үлкен, қалың-қалың кітаптар. Үшіншісі Мұхаммед Хайдар Дулатидің Жаһаннама деген шығыс ертегілерінің желісімен жазылған үлкен шығармасы бар. Соны да көркемдеп қазақшаға аударды.

-Өлеңдерімнің ішінде өзіме бәрі ұнайды. Бірақ жыраулардың қасында менің өлеңдерім ештеңе емес. Кейде мақтап сөз бергенде сол жыраулар есіме түсіп кетеді да өзімнен-өзім ұялып кетем. Сөздің желі деген болады. Ол қазақтың бәрінде де бар. Сондықтан жұртқа қайсысы ұнайтынын білмеймін, өзіме өлеңдерімнің бәрі ұнайды. Бөлектей алмаймын. Бірақ бұрынғы бабалардың қасында түкке де тұрмайды. Неге дейсіз ғой. Мысалы мен коммунистік ортада өсіп тәрбиелендім. Есейген шағымда капиталистік қоғамға ауыстық. Ал олар кәдімгі таза қайнап шығып жатқан қайнарлардан нәр алған. Мысалы Қазтуған жырау әлі қазақ пен ноғай бөлінбеген кезде өмір сүрді. Ал біз мектепте Мағжандарды оқымадық. Үш арыс, бес арысты кейін таныдық. Сондықтан жыраулар өлеңдерінде жан, рух бар. Ал бүгінгі патриоттық сарындағы елім, жерім дейтін өлеңдердің бәрі жәй болмайтын дүниелер. Бұрынғылар жақсылық істеуші еді, бірақ оны айтпайтын. Кейін оны айтатын болды, қазір тек қана айтады деген сөз бар. Солай демекші қазіргілер тек айташы боп кеткен. Нақты іс жоқ тек айта береді. Мысалы үшін Доспамбет, Қазтуғандар бәрі батыр болғандар. Доспамбет мың қолды басқарған. Қазіргі ақындар да сөздің желі бар да басқа түк те жоқ. Мен сонау Асан қайғыдан бастап өзімнен отыз жас кіші ақындардың өлеңдерін оқим да солардың керемет жолдарын өзіме ұстаз санап аламын. Ал менің өмірдегі ұстаздарым көп. Маған дейінгі бүкіл ақындардың бәрі менің ұстаздарым. Бүкіл оқып шықтым деп айта алмаймын, бірақ көбісін оқыдым. Мен Жұмекеңмен, Мұқағалимен, Төлегенмен, Қадырмен, Тұманбаймен көп «ауырдым». Облысқа келсек біздің Нармахан ағамыз қандай. «Жиде гүлдегенде» деген кітабын оқығанмын жас кезімде. Тұнып тұрған сурет. Егер ағамызға суретшілік өнер берілгенде Әбілқан Қастеевтің жанында тұрар еді. Сосын Қаныбек Сарыбаев менің ұстазым болды. От еді. Қабылан мінезді Қаныбек дейтін. Лап-лап етіп жанып, сол күйі өз отына өзі өртеніп кетті. Әбілда Аймақ та қандай керемет еді. Ол тағдырлы ақын болды деп сөзін түйіндеді ақын. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқыма тоқудың пайдасы мол
  • «Молда Мұсаның әдеби мұрасы»
  • Көрерменге ой салған «Ақ кеме» премьерасы
  • Көксерек әңгімесін талқылады
  • «Бір қала - бір кітап»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер