Тоқыма тоқудың пайдасы мол

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы "Бәрін білгім келеді" үйірмесінінің кезекті бөлімі "Тоқыма тоқу" тақырыбына арналды.

Screenshot_34.jpg

Қой жүнін түтіп, оны иіріп, жіптен қолғап, шұлық, шәлі тоқитын кез сағымға айналғандай. Бүгінгі күні қыздар қолдарына тоқыма бізін ұстап тоқуды ескіліктің белгісі санайды. Кезекті үйірмеде қыздар осы тоқыма тоқу өнерінің қыр-сырмен танысты.

Тоқыма миды ынталандыратын, демалуға және стрессті азайтуға көмектесетін әрекет. Тоқу біздің көңіл-күйімізді көтеріп, қуаныш сыйлай алады. Тоқу стресс гормондарының төмендеуіне және бақыт тудыратын серотонин сияқты нейротрансмиттерлердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Тоқу біздің зейін қою қабілетімізді арттырады бұл назар тапшылығы бұзылыстары үшін нақты терапия бола алады. Тоқу бізге өзімізді жақсы сезінуге және өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға көмектеседі, өйткені біз өз қолымызбен киім жасаймыз. Бұл біздің өзімізге деген сенімділігімізді нығайтады және шыдамдылықты дамытуға көмектеседі. Шығармашылық қабілетіңізді дамытады және күтпеген көріністермен қуантады.

Тоқыма тоқуды көпшілік қарт әжелер мен үй шаруасындағы әйелдердің сүйікті ісі деп біледі. Алайда, тоқыма тоқу барлығына ортақ, кәделі әрі пайдалы іс екенін көпшілік біле бермейді. Күнделікті күйбең тірлік салдарынан адам бойын әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билейді. Салдарынан түрлі жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары және гипетоникалық аурулар туындауы мүмкін. Бұл дерттердің алдын алу мақсатында дәрігерлер анда-санда тоқыма тоқуға кеңес береді. Тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.  Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. [2] Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық қолөнерге баулуда орны ерекше. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде ұлттық бұйымдарға деген сұраныстың артуы республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырды. Осындай пайдалы еңбектің бір түрі-тоқыма өнері. Орта мектепте ұлттық негізге сүйеніп, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұнын, мақсатын, қағидаларын қайта қарап оқушыларға еңбекке баулудың мазмұнын, қазақтың сәндік-қолданбалы қолөнерінің құрамдары мен әдіс-тәсілдерін үйретіп, жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуіне, өз бағыт-бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлайды.Тоқыма өнерінде оқушының көркем еңбек іскерлігін қалыптастыру, көркем графикалық білім-білікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша тоқыма бұйымдарын даярлауға назар аударылады. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Тоқыма өнері негізгі ұстанымдарды заман талабына сәйкестендіруді, оның көкейтестігін анықтайды.Оқушы білімін жетілдіріп ақыл-ой санасын дамытуға игі әсер етеді, рухани мәдениетті меңгеруге, адамгершілік және көркемдік тәрбиенің тиімді жолын ашуға жағдай туғызады.

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.

«Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған» дейді мамандар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқыма тоқудың пайдасы мол
  • «Молда Мұсаның әдеби мұрасы»
  • Көрерменге ой салған «Ақ кеме» премьерасы
  • Көксерек әңгімесін талқылады
  • «Бір қала - бір кітап»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер