«Ұлт батыры –Төлеген»

№8 кітапхана бөлімшесі М.Мәметова атындағы №35 ЖББ мектебімен бірлесе, Кеңес одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың өмірі мен ерлігін насихаттау мақсатында «Ұлт батыры –Төлеген» атты тарихи сағат өткізді.

Screenshot_38.jpg

«Қазақстан тарихы» порталының мәлімдеуінше Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылы - 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино селосы)-2-дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Қазақ. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино селосына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино селосы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943). Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 

Батыл гвардияшыл Новгород облысы Старорусс ауданының Бракловицы деревнясында жерленген.

1943 жылы 30 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен гвардия қызыл әскері Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.

Таврия ауданы Герасимовка селосына Батырдың мүсін-ескерткіші, Лениногорск қаласына – ескерткіш орнатылды. Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен, Зайсан қалалары мен Новгород облысындағы Старая Русса қаласының көшелері Батыр есімімен аталады.  

1947 жылы Қазақстанның даңқты ұлының құрметіне композитор А.Жұбанов композитор Л. Хамидимен бірге «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды

«Батыл да еркін қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шықты. 1942 жылы 5 ақпанда Новгород облысындагы Нагаткино ауылына бірінші болып кіріп, бірден жаудың 7 әскерінің көзін жойып, екеуін тұтқынға алды. 1942 жылы 10 ақпанда Бородино селосы үшін болған кескілескен ұрыста неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жояды. Төлегеннің майдандағы ерлігін өз көзімен көрген Кеңес Одағының батыры белгілі жазушы Мәлік Ғабдуллин Төлеген жайында естелігінде: «1942 жылдың 10 ақпаны күні түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді» – деп, оның жанқиярлығы мен қазасын осылай баяндайды. Осы, тобықтан қан кешкен, Бородино үшін болған ұрыста, көрсеткен ересен ерлігі үшін,  Төлеген Тоқтаровқа қаза болғаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының шешімімен Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.

Дегенмен майдандас серігінің ойда – жоқта мерт болуына қатты қиналған досы, композитор  Рамазан Елебаев, гармонын арқалай жүріп, біраз күндерден кейін, ел ауызындағы айтулы «Жас қазақ» әнін шығарған еді.

Кейіннен, 1943 жылдың қаңтар айында майдандағы дивизияға Алматыдан Ғабиден Мұстафин жетекшілік еткен бір топ мәдениет қайраткерлері келді. Бұл топпен, атақты әнші Жүсіпбек Елебеков, танымал әртіс Елубай Өмірзақов, биші Аркадий Астахов, әртістер Шәрипа Тұрсынбаева, Қамаш Баубекова, тағы басқалары келген болатын. Армия басшылары мен жауынгерлер оларды құшақ жая қарсы алды. Елден келген бұл өнер қайраткерлері қалың әскердің алдында концерт ұйымдастырады. Бұларға Рамазан бастаған өнерпаз жігіттерде қосыла  кетті.   

Концерттен кейін Жүсіпбек Рамазанның «Жас қазақ» әнін елге ала баруды ойлайды. Бұған Рамазан Елебаев қуана келісімін береді. Бұлардың айтып отырған әнін сүйсіне тындаған Ғабиден Мұстафин, - Жүсіпбек мына әндерің керемет екен. Бұрын естімеген едім. Тек, мағыналы болу үшін, сөздеріне аздап өзгерістер кіргізейік. Сөйтіп, Ғабиден атамыз «Жас қазақтың» сөзін қайта жазып шықты. Рамазан болса, елден келген  бұл азаматтарға риза болып, өзінің шығарған әнін елге ала кетуіне қуанышты екендігін  көрсетеді» деп жазды журналист Бейсенғазы Ұлықбек өз мақаласында тарихтан сыр шерте.

Қазақ жігіті өзінің тапқырлығымен, ержүректігімен рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді.

"Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің".

Бұл Төлеген Тоқтаровтың сөзі. Қазақ жауынгері қарулас жолдастарын үнемі жігерлендіріп, батыл қимылдауға шақыратын.

Дивизияның "Отан үшін" газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан.

1942 жылы 5 ақпанда Новгород облысындағы Нагаткино ауылына бірінші болып кіріп, бірден жаудың 7 әскерінің көзін құртып, екеуін тұтқынға алды. Ал 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтере алмайды әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 метр қалған еді. Осы кезде Тоқтаров қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Алдыңғы шепте шеткі үйлерді жаудан азат етіп, 5 басқыншының көзін жойды. Оғы таусылғанша жауға тойтарыс беріп, ауыр жараланды ерлікпен қаза тапты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер