«Елінің еңлікгүлі – Фариза»

Абай атындағы орталықтандырылған кітапхананың №2 кітапхана бөлімшесі ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Елінің еңлікгүлі – Фариза» атты әдеби кеш өткізді.

Screenshot_41.jpg

«Әдебиет порталдың» хабарлауынша 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966 – 68 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 

Ақын 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, мектепке мұғалім болып жұмысқа кіреді. Кейін облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің редакциясына әдеби қызметкер болып орналасады. 1968-1970 жылдары сол кездегі "Лениншіл жас" газетінің Орал, Гурьев және Ақтөбе облыстары бойынша меншікті тілшісі болып жұмыс істейді. Қазір бұл газет "Жас Алаш" деп аталып жүр. Бұдан кейін 1970-1978 жылдары аралығында қазіргі "Ұлан", сол кездегі "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы қызметін атқарады. 1978-2000 жылдары қазіргі "Ақжелкен", сол кездегі "Пионер" журналының бас редакторы, 2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болған.

 Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы, тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы. 

2015 жылы ақынның туған жерінде ескерткіш, 2015 жылы Астанада ақынның тұрған үйіне ескерткіш тақтайша орнатылды. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспасынан 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрді 2018 жылы Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, көше берілді. 2018 жылы балаларының қолдауымен естеліктер жинағы жарық көрді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп, 2019 жылы Астана қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы көше, 2019 жылы Ақтау қаласында мектеп ашылды. 2019 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойына орай «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары жарық көрді. 

«Фариза Оңғарсынованың "Сандуғаш" атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1966 жылы жарық көрген. Бұдан кейін 1969 жылы "Маңғыстау маржандары", 1972 жылы "Мазасыз шақ", 1973 жылы "Асау толқын", 1983 жылы "Сұхбат", 1985 жылы "Дауа" атты кітаптары жарық көреді. Ақын әйелдер махаббаты мен арманы, жанының құпиясы туралы көп жазады. Сондай-ақ, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнаған. Туындыларының басты қыры — әйелдер бейнесінің жай емес, қазіргі заман талабының биік өресіне лайықтап жырлауы.

Шығармашылығы тән басты қасиет — ақынның шындық алдында бас июі. Мұны 1979 жылы жарық көрген "Сенің махаббатың" жинағындағы "Сырласу мен ақын әйелдің анасымен диалогы" атты поэмасынан көруге болады» деді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Өз естелігінде жазушы Роза Мұқанова ақынның өтірікті, жалған сөйлеп, жағымпазданған адамды ұнатпайтынын айтады. Көп жағдайда адамдардың бұл қылығын бетіне басады.

"Құранда "Ақиқат айтылмаса, адам адасады" дейді. Бізде ақиқатты айта алатын адамдар аз. Әсіресе, өнер адамдарының, сөз өнерімен айналысып жүрген зиялы қауымның арасында. Осы тұрғысынан да мен ол кісіні мойындаймын", — деді Роза Мұқанова.

Фаризаның есімін Манаш ауылындағы Нәсимолла есімді татар молдаға әкесі бозжорғасын беріп, азан шақырып қойған. Әкесі балық шаруашылығында басшы қызметкер болып, отбасымен Каспий теңізі маңындағы Манаш ауылына көшіп келеді. Фариза "бірегей" деген мағынаны білдіреді.

"Бала күнімде ауылда өсіп, ұяңдау болдым. Ал жұрттың бетіне айтып тастай беретін қасиет келе қалыптасты. Біреу ішкі жан-дүниеме үйлеспесе, қабылдай алмаймын. Тіпті, 5-10 минуттан артық сөйлесіп отыруға қауқарым жетпейді. Жақтырмасам, сөйлеспей жүре беретінмін. Бұл қасиетімнің көргенсіздік екенін, дұрыс еместігін енді түсініп жүрмін. Басты қағидам — не жасасам да өкінбеймін", — дейді ақын қыз өзінің мінезі туралы.

Фариза Оңғарсынова өзінің естеліктерінде жұрт ойлағандай Мұқағали Мақатаев екеуінің арасында махаббат болмағанын айтады. Оның поэзиясы өміріне ерекше әсерін тигізбеген екен. Қазаққа және ақындарға Мұқағали поэзиясы қаншалықты құнды болса, Фариза Оңғарсынова да сол деңгейде бағалайды.

Мұқағали Мақатаев қайтыс боларының алдында "Фаризаға" атты өлең жазып, оны пошта арқылы жіберткен. Бұл кезде ақын қыз жазушылар одағының жұмсауымен халықаралық жиынға қатысу үшін Баку қаласына ұшып кетеді. Сол жақта жүргенінде Мұқағали ақын дүние салады.

Қазақтың даңқты перзенті, ой мұнарасы Әбіш Кекілбаев Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы жайында жазған көлемді мақаласында: «Маған Құрманғазы өлең жаз¬са, өзіне қай жағынан да жақын тұрған Ма¬ха쬬бетше емес, бүгінгі Фаризаша жазатын сияқ¬ты, ал егер Фариза аяқ астынан ком¬пози¬тор боп кетсе, тап Құрманғазыша сіл-тейтін тәрізді боп көрінеді де тұрады. Егер суретші болсам, бұл екеуінің көзінде тебіренген терең мұңнан ытқып шыққан мөл¬дір тамшы көз жасы мен ытырынған ызаның ойнақшыған шоқ ұшқынын қатар бейнелер едім. Бір-біріне қырық қайнаса сор¬пасы қосылмайтын күйректік пен өткір¬лік¬тің, нәзіктік пен жігердің, қасірет пен қайраттың мұндай үйлесімі рух болмы-сы¬ның ең тұңғиық драматизмін дәл ұстай ала¬тын ұлы суреткерлерде кездессе керек»,– деп жазады. Осы жолдарды оқыған сайын Фариза әлемінің алып мұқитқа барабар сырын аңдағандай боламыз.

Ол өмірден өткен соң «Фаризатану дәуірі» басталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер