Шымкент қалалық Пушкин атындағы кітапханада «Табиғи апаттардан қаншалықты қорғана аламыз» атты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант У.Д.Есалиев, Шымкент мамандандырылған колледжінің 1 курс студенттері , «Фуркат» атындағы № 37 мектеп оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант У.Д.Есалиев арнайы сөз алып, тақырып аясында баяндама жасады. Маманның айтуынша, жаман айтпай жақсы жоқ, әрқайсысымызда түрлі апатқа дайын болуымыз керек. Біздің өміріміз тек біз үшін маңызды. Ешкімнің қауіпсіз өмір сүруіне кепілдік жоқ. Сондықтан әрбір ісімізге жауапкершілікпен қарайық деді. Қатысушылар қосымша сұрақтарын қойып, толық жауабын алды.
Төтенше жағдай қзметінің мамандары алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда) болу керектігін айтты.
«Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Су тасқынының ағынына, ормандағы өрт орамына немесе қатты боранға тап болған автокөліктерде опат болған жолаушылар саны тым көп. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз, радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз» деді Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант У.Д.Есалиев. –Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Төтенше қызметтердің міндеті – ТЖ аймағындағы ғимаратты қарап шығып, адамдардың оларға қайта кіруіне болатынын не болмайтынын анықтау. Егер де ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз, жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақпен жарық түсірмеңіз. Темекі шекпеңіз. Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Күдікті иістерді сезсеңіз, төтенше қызметтерге хабарлаңыз. Үзілген сымдардан (оның ішінде телефон сымдарынан) аулақ болыңыз. Кез- келген мұндай сым қанқұйлы қауіп көзі болып табылады. Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі тексеріңіз: олар уланған (химиялық заттармен уланбағанның өзінде өңезденуі мүмкін) немесе бұзылған (мәселен, олар тоңазытқышта жатып, ұзақ уақыт электр қуаты болмаған жағдайда) болуы ықтимал. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз. Суды пайдалану немесе (қажетіне қарай) оны зарарсыздандыру жөніндегі төтенше қызметтердің нұсқауларына міндетті түрде құлақ асыңыз. Егер де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс. Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз. Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы ықтимал. Мәселен, күшті желден сынған ағаштар құлап, жолдағы автокөліктерді басып қалған немесе жолда кенеттен терең ойпаттар пайда болған жағдайлар бар. Дүлей апаттан кейін көпірлер әсіресе қауіпті болып келеді. Егер сонда да жолға шығуыңызға тура келсе, онда барынша сақтық танытыңыз, жылдамдық арттырушы болмаңыз. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз, ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше зілзала жағдайында телефонды пайдаланбаған жөн, алайда ең сындарлы сәттердің артта қалғаны ресми түрде мәлім болысымен, бірден туыстарыңызға қоңырау шалыңыз. Сізден хабар алмаған соң, олар ТЖ-ны жою штабына хабарласуы мүмкін, сөйтіп сізді із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізеді. Нәтижесінде сізді іздеуге жұмсалатын уақыт пен күшке әлдеқайда тағы біреулер мейлінше зәру болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылып өткендей, төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез-келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн. Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Шатыр мен ұйықтауға арналған қаптар болғаны дұрыс дейді төтеншеліктер.
Табиғи апаттардың орын алуы, қоршаған ортамызға көптеген зардаптар әкелді.Табиғи апаттардың түрлері көп, мәселен, жер сілкінісі, су тасқыны, сел немесе өрт пен боран.Табиғи апаттардың кенеттен пайда болуы, адамдарды үрейге салады.Табиғат апаттың қоршаған деген кері әсері орасан зор. Дәлелге әлемде ең көп болып тұратын табиғи апаттың бірі жел сілкінісін алсақ болады. Жер сілкінісі – жер астының дүмпілдеуінен пайда болатын жер бетіндегі қатты сілкініс. Жер сілкінісі кезінде жердің беті қатты дірілдеп, жер жыртылуына немесе жер бетіндегі алып ғимараттардың құлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар табиғи апат кездерінде тіршілік иелері, адам немесе жан- жануардың жойылуы әбден мүмкін.Солайша табиғи апат жер бетінде тіршілік етіп жатқан адамзаттың өміріне аса үлкен зақым әкеледі.
Оған себеп - адамдар табиғаттың тілін ұға білмейді және табиғи апат кез-келген сәтте, кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Ал табиғи апат болар алдында, оның ешқандай белгілері болмайды. Бұндай белгісіз оқиға аяқ-асты, адамдардың хабарынсыз орын алады. Табиғат жаратылысының құрылымын білгенімен, бұл табиғат апатының алдың аласың дегенді білдірмейді.Сондықтан да адамдарға табиғат апатының алдын алу, мүмкін болмастай қиын.Ешқандай белгісіз, үнсіз кенет болатын апатты ешкім де болжай білмейді.
Десек те ғылым мен техниканың қарыштап дамуына сүйенсек, кейбір апаттардың, мәселен, су басу, дауыл соғу, қар көшкіні тәрізді апаттардың алдын алуға мүмкіндік те, қауқар да жететін заманда өмір сүрудеміз. Сондықтан айтып келмейтін апатты алдын ала болжай білсек, адам шығыны мен мүлік шығынын болдырмауға болар еді.
Қорытындылай келе, табиғи апаттардан қорғану адамдар үшін қиын болып табылады.Табиғат жаратылысының өзгерісінен пайда болған апаттардың қашан болатыны - әрбір адам үшін жұмбақ. Солай десе де, болашақта жаратылыстың қаһарына төтеп берердей мықты күш пен техниканың боларына үмітіміз зор дегенді айтады осы саланың мамандары.