Сайрам қаласы «киелі» мәртебесін әлі күнге дейін сақтап, Қазақстанның зиярат ететін ірі нысандарының бірі болып келеді. Сайрам тұрғындарының: «Сайрамда бар сансыз баб» деп айтуы кездейсоқ емес.
old.archaeology.kz порталының жазуынша Сафи ад-Дин Орын Қойлақының XIII ғ. екінші жартысымен мерзімделетін «Насабнаме» шығармасы Испиджабты арабтардың жаулап алу қарсаңындағы діни-этникалық ахуалын әлдеқандай шамада жарыққа шығарады. Нақтырақ айтқанда, онда Ысқақ баб (сириялық қолбасшы және Қазақстанның оңтүстігінде ислам дінін таратушылардың алғашқыларының бірі іспетті) Сайрамға келгенде ол жерде бір билеуші болғандығы айтылады. Оны Көркөз деп атайды, лақап есімі – Нахибдар. Сайрам иелігінде 160 мың тарса үйі және 300 мың рустак болды. Олардың бәрі – тарса. Нахибдар оның 70 әулетінің ата тегі тарса болғандығын Ысқақ бабқа айтады. Бұл шығармадағы көптеген мәліметтер – бірыңғай аңыздық сипатқа ие. Ал саны болса, асыра арттырылғандығы сөзсіз. Дегенмен тарса туралы мәтіннен алынған мәліметтер көңіл аударуға лайықты және олар Сайрамда христиандық қауымдастықтың өмір сүруі мүмкін екендігін көрсетеді. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша тарса термині Азияда кең тараған христиандық топтың анықтамасы болып табылады.
Сайрамда Жаңа Өсиеттегі Иса пайғамбардың анасы Дева Мариямен теңестірілетін Мәриям бибі қабірінің бар болуы ерте кезеңде Испиджабта христиандық қауымның (немесе қауымдардың?) болғандығын көрсетеді.
Испиджабтағы исламға дейінгі культ қандай сипатта болуы мүмкін? Олардың атауларында інжілдік тақырыптар шет қалмайды. Орта Шығыс және Орталық Азия аймағына христиандықтың таралуы исламның әлемді дін ретінде қалыптасуына дейін басталғандығы белгілі. Ақырында исламға дейінгі культтер өзара қандай болса, ортодоксалдық исламмен де сондай шырмалады, тіпті Қызыр культі сопылық түрді анық қабылдаған.
Көне Сайрамда сақтар, масағаттар (масагеттер), соғдылар, кейінірек хундар, қаңлылар, түріктер мекен еткен.
Біздің дәуіріміздің 640 жылы Саремді (Сайрам) турік Қоқан ибн Дулу билеген. Көп уақыт өтпей бұл жерге Қоқан Шенгуй басып кіреді. Жергілікті халық ибн Дулуды жақтап соғысады . Ұрыста Шенгуй жеңіледі де шегінуге мәжбүр болады осы жылы Қытай саяхатшысы Сюан- цзян естеліктерінде жазған болатын.
Сайрамға ҮІІІ ғ. араптар ықпалын жүргізіп, ислам діні таралады. Сайрам мен оның төңірегіндегі қалалар мен қыстақтар халқын мұсылмандандыру Құтайба ибн Мүслім және Ысқақ пан әскерлерінің 714 жылы Шаш пен Сайрамға басып кіруінен басталады. Отқа табынушылар көптеген қарсылықтардан соң ислам дінін қабылдау мен бірге араб жазуында үйренеді .
Исламға дейін Сайрамда болған Ыдырыс пайғамбар мешіті, Қызыр пайғамбар ата-аналарының зиараттары және сарай құрылыстары, жер асты үңгірлері бүгінге дейін сақталып қалған.
Келе – келе Сайрам ислам дінін таратуда , өз төңірегіндегі халықтардың саяси, эканомикалық және мәдени өмірін қалыптастыруда зор рол атқарды. Қарлұқтар көсемі Қадырхан ІХ ғ. бас. Сайрам (бұл кезде Исфижоп, Исфижап деп те атала бастаған) әкімі болып, қаған деген атақ алған еді. Тарихшы және географ Якубий ІХ ғ. бұл өлкеде диқаншылық пен қолөнер жақсы дамыған деп жазады. “Дүние жүзі базарында” атап айтқанда Бағдат қаласындағы базарда Марф, Хорезм, Исфижаптан келген кісілер сауда жасайтыны да айтылған.Осы кезде Исфижаптан Хорезімге дейін үнемі сауда керуені қатынаған . Осы жерден қазан, кетпен, шырақ , құрал – жабдықтары , қол-өнер бұйвмдары, маталарды артып әкететін болған.
Әбу-Райхан Беруний “Қонуний Масъудий” кітабында әлемді жеті белдеуге бөледі де Исфижапты Самарқанд, Шаш, Ферғана, Хорезімдердің қатарында бесінші белдеуге кіргізеді және өз картасында көрсетеді. Біз көрген ҮІ—ҮІІІ ғ- р, ХІ-ХІІ ғ-р, ХІҮ-ХҮ ғ-р, ХҮ-ХҮІІ ғ-р, карталарында Исфижап белгіленген. Якут Хамавийдің жазуынша Исфижап Мәуренахрдағы үлкен қала болып, Түркістан шекарасына жайғасқан. Оның кең аумағы және қалаға ұқсас бірнеше қыстақтары бар еді. Сол бесінші белдеуде Исфижап ең көркем , ең таза, құнарлы жері бар, әдемі талдары бар, сарқырап аққан сулары бар қала еді. Қорасан және Мауренахр қалалары ішінде тек Исфижап қана салық төлемес еді. Себебі, ол шекарада орналасқан , ақша қаражаттарын қорғаныс құрал- жабдықтарын сатып алуға жұмсайтын.
Ежелгі Орта Азия қалаларындағыдай, Исфижап орталығында да дуалмен өрілген Шахристан болған . Онда қала әкімдері, дінбасылары, олардың қызметшілері, отбасылары тұрған. Жер асты ұралар қазылған . Шахристаннан екі-үш шақырым қашықтықта екінші дуал қоршап тұрған. Қаланың бұл бөлігінде тұратындар әскербасылар, байлар, молдалар, орташа басшылар және басқалар Шахристанға қызмен еткен. Қаланың үшінші дуалы Цитадельде егінжайлар, баулар қоралар, аулалар, диқан мен шаруалардың тұрар жайлары орналасқан .
Үшінші дуал 5-8 шақырым жерден өткен. Ал төртінші 40- есікті дуал 50-60 шақырымға созылған. “Ескі Сайрам қаласы өте үлкен қала болған , Қырық есігі бар дарбазасы болған”
Тарихшы Әл-Мақдисийдің жазыуынша “Исфижапта ІХ ғасырдың ортасында өзінің теңге жасап шығаратын ұстаханасы болған”(“Ахсанат мақасан асарида”)
919-920 жылдары Исфижапта Ахмет Саманий атымен теңгелер болғаны мәлім. Сайрамның орта ғасырда да үлкен және әсем болғадығын Қазақ ССР тарихының І-том, 355-бетіндегі мына сөздер дәлелдейді. Тарихи деректерге қарай Тараз және Исфижап қалаларының аймағы Самарқанд пен Шаш қалаларының көлемінен кем болмаған. Қала аумағы- 10 лиге,(1 ли-0 .3 , 0.5 шақырым) тең еді . Қалада қолөнер-теміршілік, құйма-балқытушылық, құмыра балқытушылық дамыған. Бұл жерде найза, пышақ, шанышқылар, қылыш, күрек, қалқандар, қақпандар жасалған. Арап тарихшысы Мақдисий Хғ. Қарахан дәуіріндегі сауда- саттық жөнінде былай жазады. Шаштан ешкі және қой терісіне жасалған егерлег, оқ салғыш алып шығар еді. Ферғана және Исфижап түріктерінен ақ мата, құралдар, қылыш, мыс, темір бұйымдары шығарылып сатылар еді.
Тарихшылар “Тараз –саудагерлер қаласы”, “Исфижап- бүкіл дүние саудагерлер үшін ортақ”, деуі тегін емес. Мал тиген көптеген керуендер Сайрамнан Қытай, Үндістан, Иран, Сирия, Мысыр, Византия, Ресей және басқа-басқа елдерге барып, базарында сауда саттық жасар еді.Бұларда жемісті ағаштардың көп түрі, бидай, бақша өнімдері, мақта, арпа, тары егілуі, табиғаттың байлығы шаруашылық заттары дүние жүзі билік басындағылардың назарын аударды.
Махмут Қашқари жазған : “Исфижаптан Баласағұнға дейін арғу қалалары бар еді. “Р исолада” айтуынша Исфижапта ІХ-Х ғасырларда Сұйық Тегін (70ж), Қарабура хан, Чағыр Тегін, Арыстан хандар билік еткен. Бірақ билік еткент жылдар анық көрсетілмеген.