Сайрамның тарихы 2,5 мың жылдан асады

Тарихымызға куә боларлық кітаптардың бірі – Авеста бұдан 2600 жыл бұрын жазылған діни кітап. Онда Орта Азиядағы басқа ел, қалалары қатарында Сайрам жайлы да жазылған.

Screenshot_53.jpg

Сайрамның жасы 2,5 мың жылдан асады екен. Бұл кітапта Сайрам деп жазылған . Себебі , басқа ел халық сөздерін, атауларын қазіргі сауатты заманымызда да қате жазу болып тұратынын ұмытпаған жөн . Иранда Сайрамды- Сайргим деп жазған.

Бүгінгі күнде де кейбір мемлекеттер халықтар аты өз тіліне лайықты атай салу ұшырасады. Шыңғыс хан тарихшылары Сайрамды Сай-лан, Қыттай жылнамашылары болса Нушиган, Бейшуйху және басқа да аттармен атаған. Халық арасында кейбір мақалаларда да Саремды- “Сони-айем-екінші заманның басталуы” деп баяндалады. Нұх пайғамбар заманында әлемді ттопан су басады. Нұх пайғамбар даялаған кемеде қос-қостан жануарлар және иман келтірген бір топ адамдар тірі қалған. Кеме саремге жақын жердегі Қазығұрт тауының төбесіне келіп қонады. Аңыздарда сол тірі қалған жануарлар Саремда- “Сони- айем”- екінші өмірді бастаушылар деп айтылады.

Бұл кітапшада (Авеста) айтылған “Рисола” нұсқасында да көптеген ғалымдар кітаптарында да Саремда- Сайрам- “Сайлық тастақ сай”, Исфижап –“екі дария аралығы”, Мадинатал Байзо –“Ақ қала”, Урункент – “Ақ қала” аттары болғандығы атап айтылған.

Сайрамда “Қаңқа” деген жер болған екен, бұл жердегі Төрткүл төбелерді өзара байланыстыратын жер асты жолы болған.

Сайрамдағы кейбір бұйымдарда Исламнан да ілгері пайғамбарларға арналған жәйлар, жазулар , белгілердің ұшырауы көңіл аударарлық жәйт.

Сайрамдағы Қожа салық және Бибі Ғияз қабірлерін Қызыр пайғамбардың ата-аналарының қабірлері дейді. Тіпті , Қызыр алейкиссалам мешіті ХХ ғасырға дейін сақталған, күмбезі осы күнге дейін сәуллесін шашып тұр.

Қаланың ортасындағы Ыдырыс мешіті жайллы көптеген аңыздар бар. Адам атаның немересі осы қаланы салып, осы жерде отыз жыл өмір сүрген. Мешіт жанындағы Қызыр мешітіндегі жер асты-шілдехана болған.

Көп ғалымдардың айтуынша, мешіт қабырғасындағы жазу исламнан бұрын пайда болғаны, оны әлі ешкім оқи алмағандығы таң қаларлық жәйт. Мешіт осы уақытқа дейін бірнеше рет қаланған.

“Рисолада” (арнауда) айтылыуынша , Иса пайғамбар заманында Сайрам және оның төңірегіндегі халықтар отқа , яғни күнді отты ұлылап , оған табыну зардуштий (зароастризм) діндегілер еді. Сонымен қатар биік дуалдар мне қоршалған қорғандар болғандығы да айтылады, бұл ежелгі Сайрамға да қатысты еді.

Сайрам қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалалық мәдениеттің ірі ескерткіші және қазіргі елді мекен болып табылады. Ол ортағасырлық жазба деректер бойынша белгілі Испиджаб қаласымен баламаланады. Қазіргі уақытта Сайрам Шымкент қаласының құрамына жеке ықшамаудан ретінде кіргендіктен, соның аумағында орналасқан.

old.archaeology.kz  порталының жазуынша, мұсылман әлемінің қиыр шығысында орналасқан Испиджабтың дәуірлеу уақыты IX ғ. басталады. Әл-Белазуридің мәліметіне сәйкес, бұл – саманидтер әулетінің өкілі Нұх ибн Асадтың Қазақстанның оңтүстігіне жасаған жорығынан кейін болған. Ол туралы былай деп жазылған: «…Испиджабтың бекінісін алу ежелде болды, кейін оны түріктер және олар- мен бірге Шаш тұрғындарының бір топ адамдары иеленіп алды, сосын оны әл-Мутасим Биллах әмірдің діндар халифатындағы Нух ибн Асад жаулап алып, оның айналасына жүзімдігі мен егістігін тұрғындарымен бірге қоршаған қабырға тұрғызды».

IX ғ. екінші жартысында жазылған Әл-Белазуридің шығармасындағы Испиджабтың жаулап алуына байланысты оқиғалар жөніндегі мәліметтер 833–844 ж.ж. жатады деген мәтін мазмұны бойынша осы кезде Қазақстанда ислам діні белсенді тарала бастаған деп айтуға болады.

Нұх ибн Асадтың жорығынан кейін Испиджаб көшпелі дала шекарасындағы ұлы шекара бекінісі мен «дін үшін соғыс орнына» айналады. Испиджаб сол уақытта салықтан босатылған және шын мәнінде еркін экономикалық аймақ мәртебесін алған жалғыз қала болды. Осыған қатысты арабтың ұлы географы әл-Макдиси X ғ. былай деп айтады: «Бұл – шекаралық тамаша аймақ және дін үшін соғыс елі. … Олар құрғақшылық пен харадждың не екенін білмейді [төлемейді]».

Түріктерде исламды қабылдағанға дейін өздерінің құдайлары мен культі болғандықтан, олар бірден емес, тек ғасыр өткенен кейін ғана ескіліктен бас тарта бастайды. Тіпті XIII ғ. басында Якут әл-Хамави өз шығармасында Испиджаб қаласы туралы былай деп жазады: «Не Хорасанда, не Мәуреннахрда Асфиджабтан басқа харадж төлемейтін бірде бір қала жоқ, себебі ол шекаралық ұлы бекініс болғандықтан, оның тұрғындары өзінің хараджын қару мен осы елде болатын шығындарды төлегендігі үшін харадждан босатылды».

Сайрам бұрыннан киелі орын деп есептелген. Махмұд Қашқари көрсеткендей: «Сайрам – Испиджаб деп айтылатын ақ қала атауы (ал-Мединат ал-Байда). Ал Сарьям оның өзгертілген нұсқасы». Бұл жердегі ақ түс дегеніміз түсіне байланысты айтылмаған. Ал-Мединат ал-Байданы сөзбе-сөз – Ақ қала / қасиетті қала, киелі қала деп түсінуге болады.

old.archaeology.kz  порталының жазуынша, Сайрамда культтік сәулет ескерткіштерінің едәуір мөлшері шоғырланған. Олар шартты түрде төмендегідей топтарға бөлінеді:

– ислам дінін таратушылардың есімімен байланысты ескерткіштер (Әбділ Әзіз баб, Мірәлі баб, Падшах Мәлік баб);

– Қожа Ахмед Ясауи есімімен байланысты ескерткіштер (Ибраһим ата, Қарашаш ана, Махмұдхан ата, Мұстафақұлы ата/Сузик ата және т.б.);

– Інжіл мен Құранда кездесетін пайғамбарлардың есімімен аталатын ескерткіштер;

– Сайрам тарихында өз ізін қалдырған (ғалымдар мен тарихшылар, ақындар мен дін мамандары) тарихи және аңызға айналған тұлғалардың, қайраткерлердің жерлеу орындары, сондай-ақ киелі маңыздылыққа бөлінген, қасиетті деп табылған орындар (Қази Байзаби, Қожа Хамид ата Байзаби, Куйбиддин-вали Гулама, Хасан Байзаби, Жүсіп Сайрами, Ахмет әл-Испиджаби және т.б.).

В.В. Бартольд, П.П. Иванов, М.Е. Массон жинаған сауалнама мәліметтерінің негізінде Сайрамның кейбір әулиелері Інжілге, онда да барлық анықтамалары – шығу тегі христиандық Мәриям бибі мазарына қатысты екенін көрсетеді. Ыдырыс, Иош, Қызыр, Салих – бұл есімдер толығымен белгілі бір семантикалық қатарда тізбектеледі. Мұнда аңызға айналған Қызырдың анасы Бибигияс ана есімі де кездеседі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер