Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл: Шымкентте Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды

Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етіп, Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, түрлі этностар мен мәдениеттердің өзара түсіністігі мен сыйластығын нығайтып, елдің бірлігін, ортақ құндылықтарды қорғауды және көпұлтты мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толып отыр.

Screenshot_60.jpg

Шымкент қаласында Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмасына орай «Жаңа белестегі жастар» атты форумын өткізді. Жастар форумы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті, «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен үлкен деңгейде ұйымдастырылды. 

– Форумның мақсаты – қазақстандық ұлтжандылық, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастық негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін жастардың белсенділігі мен өнерпаздығын дамыту. Оқу ордамызда Студенттік Қазақстан Ассамблеясын құру» - деп атап өтті  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тұлға дамыту және ҚХА» басшысы Гүлнар Жанысбекова. 

Форум аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жаңадан студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы Сатвалдиев Алишер Гапиржанович видиоқұттыуын жолдап, студенттік ассамблея жұмысына сәттілік тіледі. 

– Әуезов университетінің қабырғасында  студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанны естіп, қуанып отырмын. Қазақстан халқының бірлігін, ынтымағын бүкіл әлемге паш етуді мақсат еткен осындай бірегей ұйымның болашағына зор сеніммен қараймыз, - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 

Форумның ашылу салтанатында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма мүшесі- – Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Бейсенбаев сөз сөйлеп, оқу ордасында ашылған студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығына тоқталды.

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХIII сессиясында берген тапсырмасына және 2024 жылы 11 қазанда Марат Алмасұлы Әзілхановтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқыАссамблеясы Кеңесінде барлық өңірлердегі жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы студенттік Ассамблеялардың құрылуы туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бүгін «Жаңа белестегі жастар» атты форумы ұйымдастырылып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық келісімді нығайтудың бірегей институты, оның басты мақсаты - Қазақстанның көпұлтты халқы арасындағы бірлік пен келісімді нығайту. Ассамблея бұл еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды жетістіктерінің бірі.

Бұл ұйым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Ассамблея әрбір азаматты ортақ мақсатқа жұмылдырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың басты кепілі. Халқымызда «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөз бар. Біздің елімізде қалыптасқан этностар тұтастығының арқасында бүгінде мемлекетіміз жан-жақты өркендеп, ілгері басып келеді. 130-дан астам этнос өкілдері ынтымағы жарасқан Қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін кеңінен жаңғыртып келеді.

«Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», демекші біздің басты байлығымыз қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау ісіне атсалысуға міндеттіміз.

Көптеген игі іс шаралардың ұйытқысы болып жүрген М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бұл істе өзгелерге өнеге болады деген сенімдеміз. Әуезов университеті Ассамблеяның идеяларын қолдай отырып, білім алушылар арасында достық, толеранттылық және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді. Қазіргі таңда оқу ордамызда бірнеше этнос өкілдері еліміздің ғылымы мен біліміне өз үлестерін қоысп бірлесе еңбек етіп келеді, атап айтсақ 400-ге жуық профессор- оқытушылар және сонымен қатар 2 мыңға жуық білім алушылар бар.

Осындай үлкен білім ордасының көпэтностылығы жағдайына ұйымдастырушылық қызмет көрсету үшін арнайы «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы жұмыс жасауда. Орталық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының «Шаңырақ» қауымдастығына мүшелік етеді. 

Жастар – еліміздің болашағы, сондықтан олардың арасында бірлікті нығайту біздің басты міндетіміз дейтін болсақ, осы уақытқа дейін университетімізде өзге этнос студенттерінің басын қосатын барлық қоғамдық өмірдегі бірлесу сәттерін анықтайтын «Достық» клубымыз жұмыс жасағанын үлкен мақтанышпен айтқым келеді.

Еліміздің Тәуелсіздігін нығайту жастардың, оның ішінде өзге этнос жастарының маңызды да абыройлы ісі. Сондықтан, бүгінгі таңда әлемдік топ +500-re, Қазақстан Республикасының ЖОО арасында 3-тікке кіретін іргелі оқу орнымыз М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде түрлі этнос студенттері бірігетін Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясын құру міндеті қойылып отыр. Алдағы уақытта Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы жанына бірнеше арнайы кеңестер қауымдастықтардан мен құралмақ. Бұл кеңестер мен қауымдастықтарға білімді де білікті, белсенді жастар қатарынан іріктелініп алынатын болады. Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы университетіміздің Достық клубынан бастау алған дәстүрлерді одан әрі жалғастырсын деп тілек айтамыз. 

Жаңадан құрылғалы отырған Ассамблеяның маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бұл ұйым біздің қоғамның саналуандығын құрметтеуге, бірлігімізді арттыруға және өзара түсіністікті тереңдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсатына қол жеткізу үшін әрқайсысымыз белсенді атсалысып, үлкен жауапкершілік танытуымыз қажет. Біз университет басшылығы баршаңызды Ассамблеяның құндылықтарын қолдауға, өзара түсіністік пен бір-бірімізге деген сыйластықты арттыруға шақырамыз. Тек бірлік пен ынтымақтастық арқылы біз еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосыла алады деген сенімдеміз, - деді Садыбек Бейсенбаев. 

Шымкент қаласының  ішкі  саясат  және  жастар  істері  жөніндегі  басқармасының  «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары – Қыпшақбаев Нұрлан Бейсенұлы; Қазақстан Республикасы өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы - Хашимжанов Икрам Акрамович;

Тараз қаласынан «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары  - Турдыева Хамида Кахарджановна; РҚБ «Ассамблея жастары» ұйымының Шымкент қалалық төрағасы Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлы сөз сөйлеп, ел ішіндегі бірлік-ынтымақ, Ассамблея жұмыстары, атқарылған нақты жұмыстарға тоқталды. 

Әуезов университетінде Студенттік парламент, «Қазақстан студенттер Альянсы» студенттік ұйымы, «Достық» клубы, «Тұмар» клубы, «ZHAS MEDIA» клубы, «Айқап» ұйымы, «Сана» ұйымдары мен клубтары жұмыс істейді.  Ал «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының негізі міндеті  туденттердің түрлі қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту;

- академиялық топ студенттерінің тұлғалық даму мәселелері бойынша педагогикалық ұжымның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру;

- академиялық топ студенттері арасындағы ұлтаралық келісім мәселелері бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- Classroom платформасы негізінде кураторлық сағаттарды бақылау және ұйымдастыру; - Қазақстан патриоттарын дайындау, сондай-ақ таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында студенттерді тәрбиелеудегі кураторлардың озық тәжірибелерін жинақтау, талдау, жалпылау;

- студенттер мен магистранттардың тұлғалық даму мәселелері бойынша Шымкент қаласының және республиканың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;

- «Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық ұйымы (РҚБ) шеңберінде Қазақстан Республикасы ЖОО-ның ҚХА кафедраларымен ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық;

 - Республика мен қаланың ішкі саясат, қоғамдық келісім бөлімдерімен және басқармаларымен студенттердің тұлғалық дамуы бағытында және ҚХА арқылы өзара әрекеттесу;

- ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын және басқа да жалпы саяси құжаттарды ЖОО оқытушылар құрамына, студент жастар арасында түсіндіру болып табылады. 

«Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы керек пе?» деген сауалған студенттер қандай жауап айтты?

Айбек Шахзода. Филология факультетінің 1 курс студенті. Өзбек этносының өкілі: 

–Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл ел бірлігін, этносаралық келісімді және ұлттық тұрақтылықты нығайтуға арналған бірегей институт. Ассамблея қоғамдағы әртүрлі мәдениеттердің, дәстүрлердің және тілдердің бейбіт және үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұл ұйымның жұмысы – бірлікті дәріптеп, Қазақстанды көпұлтты және мәдениеттері бай ел ретінде нығайтуға үлес қосу. 

Ирисметов Муроджан. Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің 2 курс студенті Өзбек этносның өкілі:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы бізге мәдениетімізді сақтап, тіліміз бен салт -  дәстүрімізді насихаттауға мүмкіндік береді. Мен үшін Ассамблея елдегі татулық пен бірлікті нығайтатын маңызды ұйым. Бізді әртүрлі ұлттарға бөлмей, керісінше, ортақ құндылықтарға біріктіреді деп ойлаймын.

Бахтиярова Фарангиз. Филология факультетінің 1 курс студенті: 

–Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі мәдени әртүрлілікті қолдайды және бұл мен үшін өте маңызды. Біз бір елде, бейбітшілікте өмір сүреміз, ал ҚХА әр этносқа өз ерекшеліктерін сақтауға жағдай жасайды. Бұл біздің бәріміздің ортақ Қазақстанымызды одан әрі нығайтады.

Хабибуллаева Самира. Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің 1 курс студенті. Өзбек этносның өкілі:

– Ассамблея бізді біріктіріп, әрқайсымыздың дәстүріміз бен мәдениетімізді бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл институт арқылы әртүрлі мәдениеттермен танысып, достық орнатуға жол ашамыз. Біз бір елде тұрамыз, сондықтан осындай қолдау бізге ортақ құндылықтарды қалыптастыруда маңызды.

Тагиева София. Сәулет, құрылыс және көлік факультетінің 1 курс студенті. Әзірбайжан этносының өкілі:

–Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында біз өз дәстүрлерімізді құрметпен сақтап, қазақстандықтарға таныстыра аламыз. Бұл ұйым әртүрлі мәдениеттер арасында өзара түсіністік орнатуға көмектеседі. Біз бір-бірімізді сыйлауды, қолдауды үйренеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер