Ұлттық киім тігуді қолға алды

Screenshot_19.png

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында кәсібін дөңгелетіп жүрген жандар жетерлік. Мысалы өткен жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді.

 Соның бірі- Шымкент қаласының тұрғыны Рахат Мамбекова. Ол былтыр 21 күндік «Бастау бизнес» жобасы аясында оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болған.

Кейін Рахат  «Тігін ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынып,   нәтижесінде 555 650 тг көлемінде грантқа қол жеткізді. Қазір ол қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып, қазақи нақыштағы түрлі кимешек, комзол тігіп сатылымға шығарып отыр. Қазіргі таңда тауарлары  көп сұранысқа ие. "Қазақтың ұлттық киімдері әлемдегі ең сәнді, сұлу әрі ыңғайлы киімдердің бірі. Біздер ұлттық киімдерімізді ұмыт қалдырмай, келер ұрапаққа сақтауымыз қажет. Сол киімдерді бүгінгі күнге сай етіп, сәнге кіргізіп, тігуді көптен бері ойлап жүр едім. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында арманым жүзеге асты",- дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында  2820 адам оқыды.  Ал биылдың өзінде осы жоба бойынша 600 адам грантқа ие болды. Сонымен қоса,  1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер