Шымкентте қандастарға қамқорлық артып келеді

Screenshot_13.png

Әр қиырдан оралған қандастарды атажұртқа бейімдеу бағытында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» 6 ай мерзімге келушілерге қызметтер ұсынады.

– Қаламызға келген қандастарымыздың арасында шешімін таба алмай қиналатын мәселелері көп болады. Соның ішінде ең бастысы – жұмысқа орналасу. Осы мәселелерді шешу мақсатында біздің орталық  екі  айлық тегін мамандық бойынша оқу курстарымен қамтамасыз етеді, – дейді орталық басшысы Ақмарал Досбаева.

Аталмыш орталықтың қолдауына ие болғандардың бірі- «Аспазшы» мамандығын оқып жатқан Өзбекстан Республикасынан келген қандастарымыз Моминходжаева Фатима. Ол жолдасы Данияр Исаховпен бірге алдағы уақытта ерлі-зайыптылар өз кәсіптерін жүргізсек деген ниетте. Олар бүгінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бастау бизнес» жобасына қатысуға ниет білдіріп, орталық мамандарымен бизнес жоспарын әзірледі. Алдағы уақытта «Аспазшы» мамандығын оқып бітірген соң, дәмхана ашып, кәсібін дөңгелетсек деген ойда екен.

Орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз және тағы да басқа.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 маусымына 562 отбасы (759 адамға) қандас мәртебесі берілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер