«Спортшылар есірткіге қарсы!»

Screenshot_12.png

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп  нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды.

Шараға еркін күрестен Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы Әкбар Елубайұлы қатысты. «Спортшылар есірткіге қарсы!» - деп ұрандатқан спорт шебері барша қазақстандықтарды есірткіден аулақ болуға, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Іс-шараның барысында Б.Момышұлы және 1-мамыр көшелерінде орналасқан ғимараттардың сыртқы қабырғаларында есірткі заттарын насихаттайтын жалпы 19 графикалық жазбалар анықталып, жойылды.

Аталған профилактикалық жұмыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті күшейту, есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады. 

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады дейді  Шымкент қаласының Полиция департаментінің мамандары. 

Айта кетейік, департаментінің тапсырысымен қаланың 10 негізгі жолдары мен көше қиылыстарында орналасқан билбордтарға есірткіге қарсы бағытталған әлеуметтік жарнамалар ілінді. "Аталған жарнамалық билбордтар қала тұрғындарын есірткіден аулақ болуға шақырады және қоғам назарын осы мәселеге аударып, есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған", – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының инспекторы Бауыржан Карбеков.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер