Тұрғындарды еңбектенуге шақырды

Screenshot_11.png

"Жұмыс жоқ". Бұл екі қолға бір күрек таппай жүргендерге жәй ғана сылтау. Себебі қазіргі таңда елімізде жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында түрлі бағдарламалар қолға алынған. Мәселен "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы мамандығыңыз бойынша жұмысқа тұруға, дипломың болмаса мамандық игеруге, тіпті өз кәсібіңді ашуға, грант алып бизнес бастауға да болады. Өкінішке қарай елімізде мұндай бағдарламаның жүзеге асырылып жатқанынан бейхабар жандар да жетерлік.  

Осы мақсатта Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Тоғыс елді мекенінде мемлекеттік бағдарламалардың тиміділігін насихаттау және жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары туралы ақпараттық жәрмеңке  ұйымдастырылды. Іс-шара қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ, қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» ҰКП, ірі кәсіпорындар, «Отбасы банк» АҚ, «Shymkent invest» арналған  Үкімет фронт-офисінің бірлесе ұйымдастыруымен өтті.  Шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары, оның ішінде «Еңбек» бағдарламасының жұмыссыз азаматтарға берер пайдасы мен тиімділігі түсіндірілді. 

Жәрмеңке барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға мамандар тарапынан жауап алды. Жұмыс іздеушілер болса "Еңбекке" міндетті түрде жүгінетіндерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер