Спорт - нашақорлықтың қалқаны

Screenshot_10.png

26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығының" мамандары, «Психикалық денсаулық орталығының» орталығының дәрігерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын түсіндіру, құқықтық тәрбие беру, сондай-ақ, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және игі қасиеттерді бойына жинап, кітап оқуға шақыру болып табылады.

Іс-шараны бастаған қалалық «Психикалық денсаулық орталығы» бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Ережепов  және диспансер бөлімінің меңгерушісі Мұрат Бөртебаев  нашақорларлыққа шалдыққан адамдарды емдеу-оңалту жұмыстарының барысымен таныстырып өтті.

Қатысушылар жұмыс барысындағы туындап отырған мәселелер туралы айтып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісіп, оларға белсенді қатысу қажеттілігін ескертті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер