Білім сапасын көтеру - міндетті!

Screenshot_17.png

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаланың стратегиялық дамуы аясында әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Алдымен Шыңғыс Жұмабекұлы өзі жетекшілік ететін бес басқарманың жұмысына тоқталып, білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, дін, мәдениет салалары бойынша бірінші жартыжылдықтағы негізгі жұмыстарын қорытындылады. 

– Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілгені белгілі. Содан бері шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өзінің халық алдындағы есебінде бес басым бағытты белгілеп көрсеткен болатын. Соның ең алғашқысы – адами капитал. Осы орайда, алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі – білім сапасын көтеру. Бұл саладағы өзекті мәселелер ретімен жүзеге асуда. Бүгінде Шымкентте 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 20 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл 5 колледж жаңа оқу жылын жаңадан жабдықталған ғимаратта қарсы алмақ. Жалпы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бекіткен жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін шаһарда 72 мектеп бой көтереді, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары. 

Шыңғыс Жұмабекұлының мәлімдеуінше, қаладағы үш ауысымды мектептер мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Биылғы ел игілігіне берілетін мектеп құрылыстарының нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, шаһарда үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаяды. Жалпы үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу 2023 жылға жоспарлануда. Сондай-ақ мегаполисте оқушылар қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте білім беру ұйымдары бейнекамералармен толық қамтылған. Жоспар бойынша олар полицияға қосылады. Сонымен қатар «Дабыл батырмаларын» орнату бойынша келісімдер түзілген. 

Сондай-ақ Шыңғыс Жұмабекұлы мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Бұл ретте, бүгінге дейін 6 кітапхана модернизациядан өткізілді. Елорда күні қарсаңында қайта жаңғыртылған тағы 3 кітапхана ел игілігіне берілмек. 

Брифинг соңында БАҚ өкілдері өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер