«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы тоқыма өнеркәсібін тиімді жүзеге асыруда

Жеңіл өнеркәсіптің ішіндегі ең дамыған әрі басты саласының бірі – тоқыма өнеркәсібі. Бұл сала еліміздегі отандық брендтердің қалыптасып, жеңіл өнеркәсіптің дамуына жәрдем беруде. 

image.png

Осы негізде, Үшінші мегаполисте тоқыма өнеркәсібін дамыту ісі қолға алынуда. Аталмыш өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту мен құны жоғары тоқыма өнімін шығару мақсатында көлемі 200 гектарды құрайтын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. 

Аталмыш экономикалық аймақтың инвестициялық портфелінің жалпы құны 86,1 млрд.теңгені құрайды. 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 44 жобадан тұрып, қазіргі таңда оның 22 жобасы жүзеге асырылған. Яғни, 32,6 млрд. Теңге инвестиция тартылса, 2282 жұмыс орны құрылған. 

Бүгінде,  аталмыш экономикалық аймақта қатысушы кәсіпорындар іске қосқан сәттен бастап 82,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, оның жартысынан көбі 45,1 млрд, теңгеге жақын және алыс 22 елге экспортталған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер