"Nurtau distribution" зауыты отандық өнімді "брендке" айналдырмақ

Ел экономикасының дамуына шымкенттік кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Солардың бірі әрі бірегейі "Нұртау" ЖШС компаниясы. "Nurtau distribution" зауыты аумағы 7000 шақырымды құрайтын, "Тассай" индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорындардың бірі. Мұнда сағыз және тәтті шоколадтар өндіріледі. Қазіргі таңда, аталмыш кәсіпорынында өндірілетін өнімдердің қатарына науат өнімі де қосылған. 

image.png

Құрылғанына бар жоғы 1 жыл болған кәсіпорын осы уақыт ішінде отандық өнім өндірушілердің көшін бастап тұр. Бүгінде кәсіпорында 200 ден аса адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы «Nurtau distribution» компаниясының бас директоры Абай Мырзабаев айтты. 

- Тағы да үлкен жобаны іске қосуды қолға алып отырмыз. 15 мың шаршы метрден ауқымды алатын үш қабатты ғимарат салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні өндірістің шығару көлемі сағыздан жылына 2 мың тоннаға жуық, шоколад өнімдерінен 2 мың тоннаға жуық өнім шығарудамыз. Жалпы компанияда жұмыс жасайтын жұмысшылар саны бүгінгі күнде басқа қалалардағы, өзіміздің өндірістегі, әкімшіліктегі барлығын қосқанда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген – дейді «Nurtau distribution» компаниясының бас директоры Абай Мырзабаев.

image.png

Қазіргі таңда, кәсіпорыннан шығарылып жатқан отандық қолжтетімді өнімдерге сұраныс жоғары. Әсіресе, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан елдері басты тұтынушыға айналған. Алдағы уақытта, «Nurtau distribution» компаниясының басшысы тауардың көлемін арттырып, өзге де елдерге экспорттарды жоспарлауда. Түркия мен Қытайдан арнайы әкелінген құрылғылардың барлығы дерлік заманға сай жабдықталған. Аталмыш кәсіпорын отандық өнімдерді алдағы уақытта әлемдік дәрежеде "танымал брендке" айналдыруды жоспарлап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер