Жеңіл өнеркәсіп халықтың әл ауқатын арттыруда маңызды рөл ойнайды. Оның дамуы бүгінгі ел экономикасындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. Себебі, ол тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесінде өзіндік әлеуметтік маңызға ие. Сондай-ақ, отандық брендтерді қалыптастырып, жаңа өнімдерді танытуда алар орны ерекше.
Бүгінде, Үшінші мегаполисте айына 2 миллионға жуық шұлық өндіретін кәсіпорын қарқынды жұмыс істеп тұр. Аталмыш тоқыма цехында 240 тігін машинасы жұмыс істейді. Онда әр 3 минутта бір шұлық дайын болады.
Жалпы, шұлық шығару үшін ең басты шикізат – жіп, мақта өзімізден шғыарылады. Жетпей жатса көрші Өзбекстаннан алынады. Кәсіпорын жіпті өздері бояйды. Шұлықтардың бағалары да, шикізат көзі жіптің бағаларына байланысты нарыққа шығарылады. Мұнда шығатын шұлықтар тұрғындар үшін қолжетімді бағада. Нарықта олардың бағасы 80-300 теңге арасында.
Қазір Қазақстан нарығында Түрік және Қытайдан келген шұлықтар көп. Ал қазір өзіміздің өңірден де «Made in KZ» деген белгіде шұлықтарды сатылымға шығару оңай болмағанын айтады. Алайда отандық өндірушілер бәсекеге төтеп берді. Аз уақытта компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында шұлық импортын алмастыра алатындай жағдайға жетті.
Айта кетейік, жылына әр адам 24 жұп шұлық ауыстырады екен. Сонда Қазақстандықтардың шұлыққа деген сұранысы 450 миллионнан асып шығылады.