«Тұранның» мәселесі талқыланды

Screenshot_6.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Тұран» шағынауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өтті.  Жиында шағынауданды көгалдандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру және жол құрылысы мәселері талқыланды. 

Жиында сөз алған қала басшысы ең алдымен азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау қажет екенін айтты. Ол үшін ин¬фра-құрылыммен қамтамасыз ету ісін жүйелендіруді қолға алуды атап өтті. Ең алдымен сапалы тұрғын үй салу, сонымен бірге газ, ауыз су, сапалы электр жарығы, жол мен абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін ретке келтіруіміз керек. 

Көшпелі жиында «Тұран» шағынауданының даму жоспарына сәйкес,  тоғыз орамдағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандар, саябақтар құрылысы, төрт орамның инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары мен жол құрылыстарының барысы пысықталды. 

Бүгінде «Тұран» шағынауданында (Солтүстік-Шығыс бөлігі) 13 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал тағы жеті көшенің құрылыс жұмыстары  2022 жылға өтпелі. Сондай-ақ, шағынауданды мектепке баратын жолмен қамтамасыз ету бойынша жалпы ұзындығы 908 м, ені 6 м жолға екі қабатты асфальт төсеу жобаланған. 

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарының кестеге сай өз уақытында сапалы атқарылуын қадағалауды және әрбір мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының барысында қауіпсіздік шараларына мұқият болуды тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер