Әл-Фараби ауданының шалғай елдімекендері саналатын Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылаған аудан әкімі Рашид Мыңбаев мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауын сұрады.
Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағын ауданындағы ауыз су құрылысы ағымдағы жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі.
Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда 260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында 45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.
Сондай-ақ Рашид Мыңбаев "халықпен кері байланыс" қағидасы аясында кезекті жеке қабылдауын өткізді. Республика даңғылының тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамай, түнгі уақытта жұмысын жалғастырып жүрген Республика даңғылында орналасқан қоғамдық тамақтану орнын тексеруді сұраған болатын. Рашид Мамытұлы жауапты сала мамандарына тәртіп сақшыларымен бірге шұғыл түрде рейд ұйымдастыруды тапсырды.
Ал Жангелдин көшесі №166 үй тұрғындары балалар алаңшасының қажеттігі жөнінде өтініштерін жеткізген болатын. Аудан басшысы аталған аулада биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру және алаңша орнату жұмыстарының атқарылатындығын жеткізді.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданының әкімі @mynbaev_rashid жеке қабылдауын тұрақты түрде әр бейсенбі күні өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп, алдын ала өтініш қалдыруы тиіс. Одан бөлек тұрғындар сұрақтарын әр дүйсенбі күні @alfarabi.shymkent парақшасында тікелей эфирде қоя алады.