«Nur Otan» партиясы 2019 жылдан бастап «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясын тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Партиялық жобаның негізі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасау және оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс көздерімен қамту.
Бекітілген жалпы ережелерге сәйкес, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы тоқсанына 1 рет өткізіледі. "Қазіргі уақытқа дейін партияның Шымкент қалалық филиалында 10 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 91 мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау арқылы оның 31%-ы оң шешімін тапты" дейді “НұрОтан” партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.
Осы мақсатта, жақында жергілікті әкімшілік пен тиісті мекемелерді денсаулық, білім, тұрғын үй басқармасы т.б..тарта отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін шешу және талап-тілегін қанағаттандыру мақсатында кезекті тақырыптық қабылдау акциясы ұйымдастырылды.
Шараға партия филиалының басшылары мен бұқаралық ақапарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында мүгедек жандарға медициналық,психологиялық, әлеуметтік көмектің көрсетілуі мен оларға қолайлы орта қалыптастыру жайы сөз болды.