Кәсіпкерлік ерекше экономикалық құбылыс. Оны ұтымды жүзеге асыру мәселесі қай кезде де толғандырып келеді. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері көшпелі мәжіліс ұйымдастырып, қаладағы кәсіпкерлік саласын талқылады.
Жиын барысында Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының «Қолайлы экономикалық орта» және «Мықты кәсіпкерлер» бағыттары бойынша Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды–инновациялық даму басқармасының атқарып отырған жұмыстарының барысы қадағаланды. Сонымен қатар, Жол картасының 61, 61.1, 61.2, 62,63,64,65,66,67,68,69 тармақтарында көрсетілген өндіріс орындары мен ондағы тұрақты жұмыс орындарының құрылуы таныстырылды.
Атап айтқанда Иіру фабрикасын іске қосу (бұрынғы "Меланж" АҚ), ("ТПК Алянс" ЖШС) , жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығару, аумағы 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағын, «Шымкенттік химия компаниясын» ЖШС-ің метил-трет бутил эфирі және полипропилен өнімін шығаратын цехін, 250 жұмыс орнымен металлургия зауытын («Амир-А» ЖШС-і) іске қосу, ферросиликомарганец өндірісі бойынша 150 жұмыс орнымен «Қытай - Қазақстандық «Марганец Индустриалдық Группа» ЖШС-інің жұмысын бастау, тоқыма иірім жіп өндірісі бойынша 200 жұмыс орнымен «AZALA Cotton» ЖШС-ініске қосу, Полипропилен жіп өндірісі бойынша 150 жұмыс орнымен «Назар Текстиль» ЖШС-ін іске қосу, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 58 млрд теңге инвестиция тартумен және 1 700-ден астам жұмыс орнын құрумен 23 өндірісті іске қосу мәселерін өз көзімен көріп, туындаған тәуекелдерді бірлесе шешу мақсатында мәселерді талқыладық.