Шымшаһарда 11 инвестициялық жоба іске қосылды

Елорда мерекесі күні қарсаңында Үшінші мегаполисте 11 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Аталмыш жобалардың ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта қатысты.

image.png

Жиын барысында сөз алған шаһар басшысы кәсіпкерлерге мегаполистің экономикалық әлеуетін арттыруға қосып отырған үлестері үшін алғысын білдіріп, 1кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына табыстар тіледі.

Жаңа өндіріс орындарын іске қосуға 6,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде 6  жоба индустриалды өндіріс орындары болып табылады. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары іске асты.

image.png

Ауыл шаруашылығы саласында 5 жоба жұмысын бастады. Аграрлық салада жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал  шаруашылығы жобалары жүзеге асты.

 Айта кету керек, қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады.

Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды. Былтырғы жылдың қорытындысымен қаланың өнеркәсіп саласында 654,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. 

Тәуелсіздік жылдары ішінде Шымкент қаласының экономикасына 2,5 трлн. теңгенің инвестициясы тартылса, шет елдік инвесторлардың қатысуымен 2,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асты.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер