Өнеркәсіп саласы бойынша 689 кәсіпорын белсенді жұмыс атқаруда

Ұлттық табыстың негізгі көзі болып саналатын өнеркәсіп саласы Шымкент шаһарында қарқынды түрде дамып келеді. Өнеркәсіп саласының тұрақты түрде жұмыс атқарып, қоғамдық өнімдермен қамтамасыз етуі үшін бар жағдай жасалған. 

image.png

Осы негізде, Үшінші мегаполисте 689 кәсіпорын белсенді жұмыс атқаруда. Оның 24-і ірі, ал 49-ы орта кәсіпорын. Жалпы, осы сала бойынша 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. 

Ал, халықтың әл ауқатының көтеруде игі ықпалын жасап жүрген жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі жылдағыдан біршама артқан. Яғни, жыл басынан бері көлемі 9566, 7 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 134,1%-ке артқан. Шаһарда өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9%-ды қамтыса, республикадағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,7% - ды құрайды.

Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар ұсынады. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар осы бағытта қарқынды жұмыс жасауда.

image.png

Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару үшін 200 гектарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Аймақтың инвестициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын 44 жобадан тұрады. Олар 4318 жұмыс орнын құрып, жұмыспен қамтуда. Бүгінгі таңда 22 жоба іске асырылып, 32,6 млрд.теңге сомасына инвестициялар тартылып, 2282 жұмыс орны құрылған.

Айта кетейік «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындары іске қосқан сәттен бастап 82,1 млрд.теңгеге өнім өндіріп, өнімнің жартысынан көбі 45,1 млрд. теңгеге жақын және алыс 22 елге экспортталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер