Үшінші мегаполисте металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорын ашылды

Елорда күні мерекесіне орай Үшінші мегаполисте  «UKO-S Star» ЖШС - металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорын ашылды. Аталмыш нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта қатысты. 

image.png

Аталмыш жиын барысында сөз алған қала әкімі шаһаржың экономикалық әлеуетін арттыруға үлесін қосып жүрген азаматтардың істеріне сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

Осы орайда, «UKO-S Star» ЖШС - металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорынның жұмысына тоқталып өтсек. Аталмыш кәсіпорынға 500 млн теңге инвестиция тартылып, 40 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Өндіріс орнында сыйымдылығы 150 литр болатын 100000 дана болат бөшке өнімдерін шығару жоспарланып отыр. Мемлекеттің қолдауымен «Тассай» индустриялық аймағынан 2 гектар жер телімі берілген.

image.png

Атап өтейік, Елорда күні мерекесіне орай Шымшаһарда 11 инвестициялық жоба іске қосылған болатын. Олар: «UKO-S Star» ЖШС, «СК-АЙМАҚ» ЖШС, «TABA INDUSTRIAL» ЖШС, «KASPY STEEL» ЖШС, «Балкибеков» ЖК, «SAGITEX GROUP» ЖШС, «AgroPark» ЖК, «Барыс 2007» ЖШС, «Халаев» ЖК, «Зертас» және «Алтынсай» ШҚ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер