«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тиімді кәсіп көзін нақтылайды

Кәсіп бастаймын деген азаматтарға елімізде түрлі бағдарламалар өз жәрдемін тигізуде. Солардың бірі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама Шымкент қаласында жаңадан кәсіп ашуды көздегендерге де өз шапағатын тигізуде. 

image.png

Үшінші мегаполисте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі сәтті жүзеге асырылуда. Бұл кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.

- Былтыр «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатыстым. Қолыма сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа құжат тапсырдым. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз ісімізді бастадық. Қазіргі таңда косметология кабинетінде бет тазарту, қасты түзету, бояу және т.б. бағыттар бойынша қызметтер көрсетемін - дейді кәсіпкер.

Биылғы жылы, аталмыш мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес идеясын жүзеге  асырып, жаңадан кәсіп ашқандардың бірі – Жанна Беркімбаева.

Ол былтырғы жылдың қыркүйек айында «косметология» бағыты бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. Нәтижесінде  жобасы мақұлданып,  200 АЕК(555 650 тг) көлемінде грантқа қол жеткізді.

Жалпы, Шымкентте былтыр 4828 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122 -аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29-мүгедек азаматтарға ,1075-сі жастарға және 1195 өзге санаттағыларға берілді. Биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер