Туризм саласын дамыту жобалары таныстырылды

Туризм саласы кез келген елдің немесе қаланың даму деңгейін көрсететін бірден бір сала. Осы негізде, аталмыш саланы дамыту мақсатында Үшінші мегаполисте біршама шаралар қолға алынуда. 

image.png

Осы орайда, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен ұйымдастырылған пресс-тур аясында БАҚ өкілдері «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық Үшінші мегаполисті туристерге таныстыру мақсатында «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыруға бағытталған шахматтан Қазақстан чемпионаты, «Жасыл көше» және «Tolem Tourist» картасы пилоттық жобалары бойынша жұмыс істеуде.   

Қала өмірінің айшықты тұсін көрсететін шаһардағы ауқымды жобалардың бірі - Жасыл көше. Бұл қаладағы абаттандыру жұмыстарының қаншалықты деңгейде жұмыс істеп тұрғанына дәлел бола алады. Бүгінде әлемнің бірқатар елінде «түрлі-түсті көше» жобасы сәтті іске асырылған. Бұл ретте Шымкенттегі 500 метр көшені әрлеу көзделген. Кіші және орта бизнестің дамуына септігін тигізетін ерекше бастама туристер санын арттыруға бағытталған.

image.png

Аталған туристік орталықтың басшысы Айдарәлі Рамановтың мәлімдеуінше, 2021 жылдың 20-30 шілде аралығында Шымкентте шахматтан Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылмақ. Әлемдік шахмат (20 шілде) күніне орай өткізіліп отырған шараның мақсаты – халықаралық аренада Қазақстанның оң имиджін қалыптастырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Осы орайда қалада еліміздің барлық аймағынан жиналған ойыншылар, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларын қоса есептегенде 1500 адам қонақ болады. Яғни, аталған онкүндікте қонақтарымызға шаһарды жан-жақты таныстыруға айрықша күш салынып отыр.

Одан бөлек, туризм саласында «Tolem Tourist» картасын әзірлеу қолға алынып отыр. Яғни, қаладағы туристік нысандар бірыңғай картаға енгізіліп, туристерге арнайы жол картасы көрсетіледі. Ол үшін қазіргі уақытта картаға енгізілетін кәсіпкерлік нысандармен келіссөздер жүргізілуде. Алдын ала жасалған талдауға сүйенсек, картамен төлем жасау нысандардың әрқайсысына жеке-жеке төлем жасаудан бірнеше есе арзанға түспек. Осы орайда картаның сатылым бағасы, жарамдылық мерзімі және жетілдіру бойынша жұмыстар басталып кетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер