«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 50 көшеге QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Көркем (Забадам), Химфарм, Самал-2, Түркістан шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінуде.
Аталған жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.
Жалпы Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйге және 75 көшеге QR код және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды.
Сондай-ақ Абай ауданы аумағында атауы жоқ 265 көшеге республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысы шығып, қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, көше атаулары берілді. Аталған көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Нұршуақ және Құрсай шағынауданындарында жалпы саны 60 көшеге ілу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ал Еңбекші ауданы аумағындағы орталық көшелер мен тұрғын алаптардағы атауы жоқ және моральдық тұрғыда атауы ескірген жетпіс алты көшеге атау берілді.Аталған көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде.