Коммуналдық төлем бағасы төмендеуде

Screenshot_1.png

Шымкентте соңғы үш жылда коммуналдық төлем бағасы төмендеген. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы филиалы департаментінің басшысы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің алдында мәлімдеді.  

Департамент басшысы тарифтерді тұрақтандыру бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыс жөнінде баяндады. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 75 қызмет түрі бойынша 59 табиғи монополия субъектісі енгізілген. Олар электр энергиясын және газ тасымалдау, жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру қызметі, кірме жолдары бағытында жұмыс жасайды.

2019 жылдан бастап кейбір коммуналдық тарифтердің төмендеуі байқалады. Жылумен жабдықтау 2018 жылы 142,31 тг болса, соңғы үш жылда 110,78 тг болып тұрақталған.  Сумен жабдықтау 97,97 тг болса, қазір 88,17 тг.  Суды бұру 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге түскен. Газбен жадықтау үш жыл алдын 34,47 тг, қазір 31,59 тг болған. 2019-2021 ж. коммуналдық тарифтерді төмендеуі нәтижесінде тұтынушылардың үнемделген қаржылары 9,76 млрд.теңге құрап, тұрғындарға кері қайтарылған.

Осы жарты жылдықта тұрғындардың арыздары бойынша жоспардан тыс 10 тексеру жұмыстары жүргізілген. "Нәтижесінде 51 нұсқама енгізіліп, 23 әкімшілік құқықбұзушылық қозғалған. Оларға 41,9 млн.тг. айыппұл салынып, тұтынушылардан артық алынған 3,39 млн.теңге толық қайтарылды" дейді сала басшысы. 

«Табиғи монополия туралы» ҚР Заңға сәйкес, тариф бес және одан көп жыл мерзімге белгіленеді. Осыған орай бекітілген тарифтердің мерзімі бітуіне байланысты – 3 табиғи монополияның 2021-2026 жылдарға жаңа тарифтері бекітілгенін жеткізді. Департамент тарапынан 2019 жылдан бері 1 миллионнан аса адамның құқығы қорғалған.

Департамент жұмысына қаныққан Шымкент әкімі монополист мекемелермен келіссөздер жүргізіп, баға тұрақтылығын сақтауды және оларға бақылауды күшейтуді тапсырды. «Айкөмек-109» орталығына келіп түсетін арыз-шағымдардың басым бөлігі де осы коммуналдық қызметке қатысты болғандықтан, сапалы қызмет көрсетуге барынша назар аудару қажеттігін айтты.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер